Терминалдың бастапқы кезеңі аяқталды

Новости
20.05.2016, 16:50
3 мин чтения
Астана қаласының халықаралық әуежайы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылтайшысы болып саналатын «Аэропорт Менеджмент Групп» ЖШС тарапына қарайтыны белгілі. Мұнда, қазір, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қызу дайындық  жүріп жатыр. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг бөлімінен хабарлағандай, көрмеге әзірлік мақсатында, сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2015 жылы жалпы аумағы 40 000 шаршы метр жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталған. Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 7 миллион жолаушыдан аспақ. Қарбалас сағаттарда рейстерді күту залдарына бір уақытта 2,525 жолаушыға дейін жолаушыны сыйғызу мүмкін болмақ. Бүгінгі таңда құрылыстың бастапқы кезеңі аяқталып, терминал ғимаратының жер бетіндегі бөлігінде лифті шахталары мен баспалдақ аралықтары орнатылған, металдан жасалған құрылымдар мен аралықтардың монтажы жасалып жатыр екен. Былтыр, мәселен, перронды ауқымды қайта жаңарту жүргізіліп, жаңа Бизнес терминалы қолданысқа енгізілгені аян. – Елорда әуежайы өндірістік көрсеткіштер бойынша Қазақстанның екінші әуежайы саналады. Қазіргі уақытта ірі әлемдік авиакомпаниялар Америка, Таяу Шығыс елдері, Еуропа мен Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің арасында құрлықаралық тасымалдауларды орындау арқылы, бізде аралық ұшақ отырғызуларын жүзеге асырады. Air Astana, Etihad, Asiana Airlines, flydubai, Aeroflot, Lufthansa, Turkish Airlines, Russia, SCAT, Uzbekiston Hava Yollary сияқты және басқа да авиакомпанияларға қызмет көрсетеміз. Олар күн сайын Қазақстан бойынша 15 бағытта және таяу және қиыр шетел елдеріне 22 бағытта тұрақты жолаушылар рейсін атқарады, – деп әңгімелейді маркетинг бөлімінің маманы Азамат Оспанов. Статистикалық деректерге сәйкес, 2015 жылы Астана қаласының әуежайы рейстердің 15%, жолаушылардың 25% және жүк ағынының 10% көлемін еңсеріпті. Ұшулар саны орташа есептегенде тәулігіне 70 рейсті, жолаушылар ағыны 9000 адамды межелеген. Сұранысқа ие Анталья, Париж, Тбилиси, Сеул, Дубай сияқты танымал бағыттардың ашылуы өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда жолаушылар ағынын 13%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берген. Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапымен бірлескен райда, интермодальді ХАБ-ты дамыту және жүк айналымын ұлғайту мақсатында, жүк тасымалдаушыларын тартуға айрықша көңіл бөлінуде екені аян. Осының арқасында Астана қаласы халықаралық әуежайының дамуға және жаңаруға, ал авиакомпаниялардың қаржыны және техникалық құралдарды үнемдей, одан да көп жолаушылар мен жүктерді тасымалдай отырып, ұшулар тиімділігін арттыруға мүмкіндігі бар. Әуежай Орталық Азия өңірінің ХАБ-ы ретінде өркендемек. Жолаушыларға қызмет көрсету, перронда қызмет көрсету, жүкті және багажды өңдену сапасын арттыру және Астана халықаралық әуежайына халықаралық стандарттарды енгізу, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін швейцариялық Swissport International компаниясы жұмылдырылған.  Әлемдік провайдер Swissport өз қызметін 5 құрлықтағы 45 елде жүзеге асырады және әлемнің 265 үздік әуежайларында енгізген. Республиканың транзиттік-көліктік әлеуетін нығайтуда, Астана халықаралық әуежайы көлік саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін басшылыққа ала және сүйенген райда, Қазақстанның жаңа буындағы көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға өз үлесін қоспақ. 2016 жылы жолаушылар терминалының іші-сырты ажарланып, түрленіп, ұшу-қону алаңына жауапты мамандар күрделі бүтіндеу әрекеттерімен айналыспақ. Тиісті іс-қимылдарға Ұлттық қордан қаражат бөлiнген әрі Еуропа қайта құру және даму банкiнен қарыз тартылуда. Қазақстан темiр жолы жағынан да тең қаржыландыру қарастырылған. Мәселен, Астана қаласының халықаралық әуежайы мен Еуразиялық қайта құру және даму банкі елорда әуежайын жаңғыртуға қатысты инвестициялық жобаны жүзеге асыру жайлы өзара несиелік келісім шарт жасағаны белгілі. Игілікті істі тындыруға 8,5 млрд теңге көлеміндегі қомақты қаржы жұмсалмақ. 15 жылға түзілген, 3 жылдық жеңілдігі бар маңызды құжатқа Еуразиялық қайта құру және даму банкінің, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы қол қойғаны мәлім.

Тәңірберген АРҒЫН

Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники