Науқандық сынақ ауқымы арта түспек

Новости
09.09.2016, 12:07
2 мин чтения
Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша алдағы аптаның алғашқы жұмыс күнінен бастап күзгі байқау басталмақ. Қазіргі күні қажетті құжаттамалар реттеліп, даярлық шаралары пысықталуда.     Айта кетерлігі сол, бұл жолғы күзгі комиссиялық тексеру жұмыстары жылдағыдан өзгеше өтеді деп күтілуде.  Қыркүйектің 13-ші жұлдызынан басталатын науқандық сынақ осы айдың 28-не дейін жалғасып, екі жарым аптаға созылатын болады. Бұл осыған дейінгі комиссиялық байқаулардан ұзағырақ мерзім. Оның өзіндік себебі бар. Өйткені, бөлімше басшылығы мен темір жол шаруашылықтары ревизорлары түйіспе жолдар, кірме жолдар мен тұйық желілерді де толық сүзгіден өткізбек. Әсіресе, Семей шаһарындағы «өнеркәсіптік аймаққа» қарасты шойынжолдар бойы қатаң тексеріледі. Сонымен қатар, күзгі байқау жылдағыдай Ақтоғай – Аягөз телімінен емес, Семей және Жаңа-Семей станцияларынан басталады. Күзгі сында темір жол кәсіпорындарының алдағы қысқа даярлығы, өрт қауіпсіздігі шаралары да сарапқа түседі. Оның ішінде жылу беру нысандарының ахуалын тексеруге де басымдық берілмек. Бұдан өзге теміржолшылардың әлеуметтік ахуалы да назарға алынатын болады. –Осы жолғы күзгі комиссиялық тексеру барысында біз көршілес орналасқан жол бөлімшелерінің басшыларымен түйіспелі кеңес өткізу жөнінде уағдаластық. Ол үшін байқау күндеріне қосымша мерзім қостық. Бірігіп талқылар мәселелер бар. Оның бірқатары алдағы байқау барысында айқындалатын болады. Мәселен, қыркүйектің 19 жұлдызында Аягөз қаласында өтетін түйіспелі жиынға Алматы жол бөлімшесінің басшылығы қатысады деп жоспарлануда. Ал осы айдың 26 күні Дегелең станциясындағы кеңейтілген түйіспелі мәжіліске Павлодар жол бөлімшесі өкілдері келмек, – дейді Семей жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Марлен Көкірекбаев. Бір бұл емес, бөлімше басшысының айтуынша, қыркүйектің 27 күні Ресей Федерациясының аймағында орналасқан Семей темір жолының Локоть станциясындағы түйіспелі кеңеске Шығыс Қазақстан темір жолы мен Павлодар жол бөлімшелері, Досжан темір жолы және ресейлік Батыс Сібір темір жолы басшылығы қатысады деп күтілуде. Халықаралық деңгейде деуге болатын бұл мәжілісте жүк тасымалын арттыру, транзиттік пойыздар ағыны, алдағы уақыттарда бірігіп жүргізілетін бірқатар әріптестік іс-қимылдар сынды, т.б. өзекті мәселелер талқыға түспек. Яғни, алдағы  комиссиялық байқау тым ауқымды әрі бұрынғы жылдардағыдан мазмұнды болмақ.   

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане