Жоса құмның отаны – Жосалыда...

Новости
09.09.2016, 15:49
3 мин чтения
Қызылорда жүк бөлімшесінің солтүстік бағыттағы нүктелерінің бірі  Жосалы станциясынан жүк тиелімі артқан. Соңғы уақыттарда бекеттен жол құрылысына жарамды аймақ құмы – жоса тасымалданып,  станцияның тіршілігінде тыным жоқ.     Вагондарға тиелген  майда тас аралас жоса құмы Сексеуіл – Қоскөл теміржолы  мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысына жөнелтілуде. Станцияның 12 жолы мен қосымша 3 кірме және темір жол мекемелеріне бағытталған 3 жол станция тіршілігіне қосымша тыныс беріп тұр. Жосалылық теміржолшылардың биылғы атқарған жұмысымен бес жылдан бері станция басшысы қызметін атқарып келек жатқан тәжірибелі маман  Баянов Бауыржан Сағатұлы таныстырды. – Жан-жақтан темір жолмен жүк тасымалдайтын  клиенттерді көбейту шараларын ұдайы жүргіземіз. Соның нәтижесінде шілде мен тамыз айындағы жоспарды 100 пайызға орындап,  айына 46 вагонға 3133 тонна жүк тиеуге қол жеткіздік.   Олардың 68,1 тонналық статистикалық жүктемесі де 100 пайыз орындалды. Ал сегіз ай ішінде 126 вагонға 8488 тонна жүк тиеу межесі 97,8 пайызға атқарылды. Осы аралықта 589 вагоннан жүк түсіру межесі 659 вагонға жетіп, жоспар 111,9 пайызға артығымен орындалды, – дейді станция басшысы. Жосалы станциясынан негізгі жөнелтілетін құрылыс шикізаты ретінде тас аралас жоса құмымен қатар  өзге де құрылыс заттары тиеліп түсіріледі екен. Станция жұмысын тұрақты пайдаланатын «АНК Даулет», «Қ. Есдаулетов», «Ж. Жаппасбаев» және «Е.Ешмұратов» секілділер сенімді серіктестермен қоян-қолтық жұмыс атқарады.   Станцияның тынымсыз тірлігінің «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген  тәжірибелі теміржолшылар қатарында  станция кезекшісі Бақытбек Пірмаханов, құжат өңдеуші Ақжанат Ақылбекова, тауар кассирі Жұмагүл Балмаханова, жүк қабылдап-жөнелтуші Әсем Өтегенова мен парк кезекшісі Қайырбек Жалғасбаевтар кейінгі жастардың үлгі тұтар ұстазына айналған.        Жолшылар күздің алғашқы айының жаймашуақ күнін пайдаланып жатыр.  Ірілендірілген Қазалы жол дистанциясының  Жосалыдағы 5 телімі 22 айналымының жол жетекшісі Балтабек Шахиевтың бригадасы станция жолдарында жол көтеру жұмыстарын атқаруда. Жол шебері  жанындағы жолшылармен бірге ток күшін беретін генератор – «жезко» мен шпал астына тасты нығыздап салатын құрылғы – «подбойканың» көмегімен жұмыс жүргізіп, астына тас нығыздап тығылған шпалдардың тұсындағы рельстердің техталапқа сай болуын бақылауда ұстау үшін қолына ұстаған шаблонмен қос рельс арасын тексеруден өткізіп жатты. Станциялық жолдардың техникалық сапасына жауапты жолшылардың жұмысын  бақылаған станция басшысының  әрекеті қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда жауапкершіліктің ортақ екендігін сезінуі деп бағаладық.  –Біздің бригада тәжірибелі жолшылардан жасақталған. Бүгінгі рельс көтеру жұмысын атқарып жатқан Қайрат Құрманбай, Мұратбек Маханов секілді жол жөндеушілер жауапкершілігі жоғары, қолға алған жұмыстың қиюын келтіретін нағыз майталмандар, – деді жолшыларымен мақтанған жол жетекшісі.

Сабырхан НӘДІРБАЙҰЛЫ, Жосалы

Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане