Біртұтас кеңістікте бірыңғай мақсатты көздейді

Новости
23.05.2016, 11:41
3 мин чтения
Үстіміздегі жылдың 18-19 мамыры күндері Тбилисиде Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің темір жол көлігі бойынша Кеңесінің 64-ші отырысы өтіп, оның жұмысына «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының делегациясы да қатысты.  Атап өтерлігі, осы шара қарсаңында Грузия астанасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту бойынша Үйлестіру комитетінің кезекті жиналысы өткен болатын. Осы жиында сөз алған Асқар Мамин Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарының бәсекеге қабілеттілігін жетілдірудің, оның Еуразияның маңызды көлік дәлізінің бірі ретінде бағдар болып қалыптасуының маңыздылығын атап өтті. –Үйлестіру кеңесі құрылғаннан бергі уақытта тиімді тариф саясатын түзуге, жүк тасымалының бірыңғай технологиясын енгізуге, Nomad Express біріккен ықпалдасқан логистикалық өнімді құруға қатысты ауқымды жұмыс атқарылып, бірінші контейнерлік пойыздар жіберілді, сондай-ақ, Халықаралық транскаспийлік көлік консорциумы құрылды, – деді ҚТЖ басшысы. Осы кеңес отырысы барысында, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары бойынша контейнер, вагон, контейнерлік тасымалдарға қатысты бәсекеге қабілеттілік мөлшерлемелерін бекіту мәселелері талқыланды. Аталған бағдар бойынша тасымалды дамытуды, сондай-ақ, Комитеттің қызметін үйлестіру және тиімділігін арттыру  үшін,  ТХКБ-ны дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің  тұрақты кеңсесін штаб-пәтерімен бірге Астанада ұйымдастыруға ұсыныс жасалды. Сонымен қатар Халықаралық транскаспийлік көлік консорциумының жұмыс жоспары бекітілді. Еске сала кетсек, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары Каспий аймағы елдерін дамытуға және олардың көлік әлеуетін арттыру үшін құрылған еді. Бұл бағдар Қытайдан Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы әрмен қарай  Еуропаға жалғасады. Әсіресе, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары контейнерлік тасымалды дамыту үшін үлкен мүмкіндік пен әлеуетке ие бағдар, сондай-ақ, еуразиялық құрлықта сауданың өсуіне ықпал етеді. Отырыс барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин бірауыздан Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамыту бойынша  Үйлестіру комитетінің төрағасы болып сайланды. Ал Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің темір жол көлігі бойынша Кеңесінің 64-ші отырысында Кеңестің өткен жиынындағы шешімдерінің орындалуына қатысты қорытындылары жасалып, сонымен қатар, былтырғы жылдың және биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы темір жол желілерінің пайдалану жұмыстарының нәтижелері шығарылды. Күн тәртібінде, халықаралық қатынаста жолаушылар тасымалының ұйымдастырылуы, 2016-2017 жылдарға арналған пойыздар қозғалысы кестелерінің нормативтері, контейнерлердің өткен жылғы санағының нәтижелері, алдағы жүк вагондары санағына дайындық, тасымал мен көрсетілген қызметтерге қатысты өзара есеп айырысулар сияқты мәселелер де назардан қалыс қалмай, талқыға түсті. Бұдан бөлек, 2015 жылға арналған  ТМД елдерінің темір жол көлігінде келісілген Тарифтік саясатын белгілеу тұжырымдамасы туралы 1996 жылдың 18 қазанындағы Достастық елдері үкімет басшыларының Кеңес шешімінің орындалу барысы туралы ақпарат жария етілді. Жалпы, бұл жиын барысында Достастық елдерінің темір жол желілері бойында  жолаушылар және жүк пойыздарының кедергісіз қозғалысын және темір жол көлігінің  үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге қатысты 10-нан астам мәселе қаралып, оң шешімін тапты.

Гүлнар ЕЛЖАСОВА,

Ислам ТАЛҒАТ

Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники