«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығында болған Асқар Мамин қандай істерімен есте қалды?

Новости
20.09.2016, 16:26
Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы аясында Қазақстанның халықаралық іскерлік транзиттік хаб ретінде қалыптасуына орай «ҚТЖ» компаниясы көліктік логистика саласында жəне мультимодальді жəне транзитті тасымалдардың жаңа сегментінде құзіретін арттыра түсуде. Соңғы жылдары темір жол және су көлігінде жүк тасымалдауды жүзеге асыру, порттық және әуежайлық қызметтер, логистикалық оператор қызметі мен түрлі көлік түрлерінің терминалдық  инфрақұрылымы провайдері үшін жағдай жасалған. Көліктік инфрақұрылымды дамыту Магистральды темір жол желісінің оңтайлы конфигурациясы  жасалды. Тәуелсіздік жылдарында 2500 км жаңа темір жол салынды. Әсіресе, соңғы 6 жылда 1700 км жаңа темір жол желілері іске қосылды: - Жетіген- Алтынкөл және Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа жолдары пайдалануға берілді;  - Қытаймен шекарада Жетіген-Алтынкөл (Қорғас) екінші темір жол өткелі ашылды; - Жезқазған – Сексеуіл-Шалқар-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері салынды. Жағалау аймағында индустриалды жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық негіз болатын Боржақты-Ерсай темір жол телімі уақытша пайдалануға берілді.
  • Алматы-Шу телімінде екінші жолдар салынуда.
Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралінің қазақтандық телімін ашуға, автожол жобаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Астанада халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалын қайта құру және темір жол ваокзалы кешенінің құрылысы басталды. Транзиттік әлеует және логистиканы дамыту Соңғы 5 жылда Қытай, Қазақстан, Ресей, Беларусь және Еуропа аумағы арқылы өтетін бағдарлар бойынша контейнерлік тасымал жыл сайын екі еселене отырып өсуде. Тасымалдың жалпы тоннажында 6 пайыз үлесі бар транзиттік тасымал компанияның жалпы  кірісінің 35 пайызға жетті. 2016 жылы Азия-Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымал көлемі 2011 жылғы деңгейден 100 есеге артты. 2014 жылы Қытайдың  Ляньюньган портындағы ішкі желідегі бірінші логистикалық орталық жұмысын бастады. Ол Қазақстаннан Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бағытталатын, сонымен қатар Қытайдың ішкі порттарында да жүк ағымын шоғырландырушы негізгі нүкте болып табылады.  Қазақстан мен Қытай арасындағы екінші темір жол өткелі Алтынкөл-Қорғас арқылы жүк пойыздарының қозғалысы басталды. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-дағы «құрғақ порт» құрылысы аяқталды. Қорғас Шығыс қақпасы АЭА-да "құрғақ жүктер айлағының" құрылысы аяқталды. Астана қаласында Орталық Азиядағы А сыныпты ең ірі көліктік-логистикалық орталық пайдалануға берілді. Еліміздің ең алғашқы құрғақ жүк таситын су көліктері - Түркістан мен Бекет ата кемелері Каспий теңізінде тасымал қатынастарын жүзеге асыруда. 2016 жылдың 12 шілдесінді дедвейті 7500 тоннаны құрайтын құрғақ жүк тасымалдайтын Жібек жолы кемесі ресейдің Шлиссельбургінде суға түсірілді. 2016 жылдың маусым айында Загребте Уляник кемежасау зауытымен екі жаңа паром құрылысына келісім-шарт жасалып, қол қойылды. 2014 жылы А.Ұ.Маминнің бастамасымен Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) ұйымдастырылды. Мультимодальды көліктік-логистикалық холдингті дамыту стратегиясын жүзеге асыру Қазақстанның көліктік-логистикалық қызмет сапасын арттырып, оның халықаралық логистикалық рейтингте (Logistics Performance Index - LPI) 2014 жылғы 11 орынға жылжытып,  160 орынның ішіндегі 88 орыннан 77 орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.  Жолаушылар тасымалы Қазіргі заманғы «Тұлпар-Тальго» пойыздары соңғы жылдары облыс орталықтары мен ірі қалаларды Астанамен байланыстырды. Бұл «Тұлпар-Тальгоның» 19 құрамымен қызмет көрсететін 12 жүрдек бағдарлар. Қазірде бар бағдарлар бойынша жүрдек пойыздар қатынас жиілігін көбейту кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.  Жолаушылар тасымалы жүйесінде жылжымалы құрамның паркін жаңарту бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыру басталды. Төмендегі 7 бағдар бойынша жолаушылар пойыздарының құрамдары жаңартылды: Астана-Алматы, Атырау-Астана, Қостанай-Алматы, Алматы-Шымкент, Маңғышлак-Астана, Маңғышлак-Бейнеу, Астана-Мәскеу. Жабдықталған 5 электр пойыз іске қосылды. Қала маңы пойыздарының қатынас жиілігі екі есеге ұлғайтылды. Жылжымалы құрамның тозу деңгейі 2010 жылғы 71 пайыздан 2016 жылы 46 пайызға төмендетілді. 2010- 2015  жылдары 711 жабдықталған вагон алынды.   Жаңа қызмет түрі – темір жол билеттерін қолда бар ақшаға төлем терминалдары арқылы сату енгізілді, Астана-Алматы-Астана бағытындағы «Тұлпар» жүрдек пойызының жолаушылары үшін   жоғары жылдамдықты интернет қосылды. Темір жол көлігі машина жасау ісі Темір жол көлігі машина жасау кластері құрылды. 2009 жылы General Electric технологиясы бойынша тепловоз шығаратын   «Локомотив құрастыру зауыты» ашылды. 2011 жылы Patentes Talgo компаниясы технологиясы бойынша техникалық қолдау және қазіргі заманғы жолаушылар вагондарын шығаратын «Тұлпар-Тальго» кәсіпорыны ашылды. 2012 жылы  Alstom компаниясымен бірге жоғары технологиялы электровоз шығаратын  «Электровоз құрастыру зауыты» іске қосылды.  Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Украина нарықтарына темір жол өнімдерін экспорттау ұйымдастырылды. 2015 жылы Ақтөбе рельс арқалық зауыты ашылып, алғашқы отандық рельс прокаты жасалды.  2015 жылы отандық локомотивтер үшін GEVO дизель қозғалтқыштарын өндіретін  зауыт қолданысқа берілді.  2010 -  2011 - 2012 жылдары «Индустриализация көшбасшысы» аталымында ҚТЖ «Алтын сапа» жүлдесіне ие болды.   Кадрлар дайындау   Астанада жаңа көліктік технология орталығы ашылды. Компания мынадай бағдарламалар енгізілген корпоративтік оқыту жүйесі жұмыс істейді: - болашақта жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен оқытудың дуальды жүйесі арқылы жоғары және орташа кәсіби білім алу; - отандық және шетелдік білім беру орындары мен ҚТЖ оқу орталықтарының базасында біліктілік көтеру және тәжірибеден өту. Әлеуметтік саясат 2011 жылы ҚТЖ үздік жұмыс беруші ретінде алғашқы «Сенім-2010» республикалық байқауының дипломанты атанды.  Жеті жыл ішінде ұлттық компанияның мыңнан астам жұмысшысы баспаналы болды.  Достық, Егінсу, Орал, Тасталы, Переметная, Жетіген, Шелек, Тасқарасу, Жаңаөзен станцияларында теміржолшылар үшін үйлер салынды.  Астанада «Саранда» шағын ауданы тұрғызылды. «Денсаулық»,  «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» медициналық емдеу-диагностикалық пойыздары жолға шығып, олардың дәрігерлеріне 300 мыңға жуық тұрғын қаралды.   2010 - 2011 жылдары Қара теңіз жағалауындағы Варна қаласында теміржолшылардың балалары үшін демалыстар ұйымдастырылды.
Новости
22.11.2024
КТЖ выявило хищение дизельного топлива на 16 млн тенге в депо Бесколь
Пассажирские перевозки
22.11.2024
Нацперевозчик объявил о скидках на железнодорожные билеты
Новости
22.11.2024
Железнодорожную инфраструктуру продолжают обновлять в Акмолинском регионе
Регионы
22.11.2024
Обучение первозимников ведут на предприятиях Семейского отделения ГП
Регионы
22.11.2024
Семинар-совещание по технике безопасности провели на станции Балхаш
Новости
22.11.2024
Около сотни руководителей линейного уровня путевого хозяйства прошли обучение в Астане
Новости
22.11.2024
Вопросы в области логистики и инфраструктуры обсудили на СВМДА в Астане
Грузовые перевозки
22.11.2024
Более 160 тысяч тонн зерна погрузили в ноябре в Костанайском отделении ГП
Новости / Архив
22.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №99 от 22 ноября 2024 года
Регионы
21.11.2024
Директор специализированного мостового отряда Канат Карбозов стал обладателем «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының құрметті қызметкері»
Регионы
21.11.2024
Экскурсию для подростков провели на железнодорожных предприятиях станции Илецк
Регионы
21.11.2024
Условный пожар потушили на станции Кушмурун
Новости
21.11.2024
Дноуглубительные работы досрочно завершили в порту Курык
Новости
21.11.2024
Новые инновационные технологии диагностики пути внедряют на железной дороге в Казахстане
Новости
21.11.2024
КТЖ расширит терминальную сеть в Европе
Грузовые перевозки
20.11.2024
Более 307 тыс. тонн зерна погрузили в ноябре в Акмолинском отделении ГП
Новости
20.11.2024
KAZAKH GRAIN & LOGISTIC FORUM 2024 пройдет в Астане
Новости
20.11.2024
Казахстан планирует развивать транспортно-транзитные коридоры в формате СНГ +
Регионы
20.11.2024
О мерах безопасности вблизи железной дороги продолжают напоминать учащимся школ и колледжей в Уральске
Интервью
20.11.2024
Об обеспечении безопасности на железной дороге рассказали ревизоры в ВКО