Метро құрылысына қолданылмақ
«Aktobe Invest 2016» IV халықаралық инвестициялық форумы аясында Алматы қаласынан келген делегаттар рельсарқалық зауытына ат басын бұрды.
Кәсіпорын жұмысымен танысқан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы метросы құрылысын аяқтау үшін отандық рельс өнімдерін пайдалануға болатынын жеткізді. Ақтөбе рельсарқалық зауытының директоры Андрей Кузьминнің айтуынша, зауыт өнімдері халықаралық сапа стандарттар үдесінен шығып отыр. Айта кетейік, осыдан бес жыл бұрын пайдалануға берілген метро құрылысына негізінен Ресей өнімі қолданылған болатын. – Алматы метрополитенінің ұзындығы 3 шақырымнан асады. Ақтөбе рельсарқалық зауытын аралап көріп болған соң, Р-65 рельсіне қызығушылық танытып отырмыз. Сол себепті инвестициялық форум барысында Ақтөбенің рельсарқалық зауытымен меморандумға қол қойып отырмыз, – дейді алматылық « Метрополитен» КМК директоры Нұрлан Мұханов.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе