Көлік академиясы: білім мен ғылым ұштасып...
Новости
14.10.2016, 11:02
Қазақстанның көлік саласының дамуына сапалы біліммен негіз қалап, көлік қызметкерлерін кәсіби дайындауда бірегей оқу орны болып табылатын М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына 85 жыл толып отыр. Мерейтой аясында оқу орнының қабырғасында «ЕАЭО шеңберінде көліктік білім беру мен ғылымды дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен компанияның құрылымдық бөлімшелерінен мамандар, Alstom, FRAUSHER, GE Transportation компанияларының өкілдері, отандық және шетелдік ЖОО-дары, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Өзбекстан, Қытайдың зерттеу және жобалау институттарының басшылары қатысты.
Халықаралық әріптестермен тізе біріктіре отырып, заманауи білім берудің ортақ мәселелері көтерілген маңызды шарада аталған оқу орнының ректор-президенті Бақытжан Қуанышев:
- Бүгінгі таңда Академиямыз өзінің жеткен жетістіктерімен мақтана алады. Елбасының тапсырмасымен оқу орнын 2011-2020 жылдарға арналған дамытудың жаңа Стратегиясы қағида түрінде жасалды. Біздің қызметіміздің ең басты жемісі – сапалы білім беру. Біз өз түлектерімізбен мақтанамыз. Олардың саны қазірде 80 мыңнан асады. Солардың 85 пайызы ел экономикасының түрлі салаларында табысты еңбек етуде,- деп атап өтті.
Еліміздегі жетекші көліктік оқу орны темір жол және автокөлік саласындағы кадрлардың, ақпараттық технология және телекоммуникация бойынша мамандардың ұстаханасы іспетті. Сонымен қатар елдің қаржы-экономикалық құрылымына да мамандар дайындайды. Осы жағынан академияның профессорлық-оқытушылық құрамының еңбегі зор. Ұлттық компания тобы құрамына кірген сәттен бастап академияда инженерлік кадрлар дайындау тәсілдері түпкілікті өзгерген. Бұл ең алдымен ҚТЖ тарапынан көрсетілетін қолдауға тікелей байланысты.
Жиында сондай-ақ Академияның ғылыми әлеуеті айрықша талап етілетін ауқымды міндеттердің бірі темір жол машиналарын жасау саласын дамыту екендігі тілге тиек етілді. Оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және аспиранттарының күшімен мемлекетаралық 14 және 45 ұлттық стандарт бекітілгені атап айтылды.
- Бүгінгі таңда бұл саланың алдында жаңа міндеттер мен сын-тегеуріндер тұр. Елбасының тапсырмасымен «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ» ұлттық компаниясы Қазақстанның халықаралық көліктік жүйедегі ықпалдастығы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда. Осы міндеттерді орындау үшін бізге мықты мамандар қажет. Бұл жауапкершілік ҚазККА-на жүктеліп, академия оны абыроймен атқарып келеді,- деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев.
Соңғы жылдары оқу орнының халықаралық ынтымақтастығы қарқынды түрде артып келеді. Ұлыбританиялық Корольдік логистика және көлік институты халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Джон Харрис ЕАЭО шеңберінде екі жақты білім беру мүмкіндіктерін теңдестіру маңыздылығына тоқталды. «Біздің ортақ білім беру мүддеміз өз жемісін беріп келеді. Қаз ККА CILT бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстарын тіркеуге қол жеткізді»,-деді ол. Осы Корольдік институтпен бірге бүгінгі таңда көліктік-логистикалық хаб кадрларын дайындау үшін «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да Академияның жеке оқу базасын ашу туралы мәселе қаралып жатыр. Мәскеу мемлекеттік ІІ Николай Император жол қатынастары университетінің (МЖҚИ) оқу жұмыстары жөніндегі проректоры Валентин Виноградов Қаз ККА мен МЖҚИ түлектері осы оқу орындарын тәмамдағанда бірден екі диплом алып шығатындай бірлескен білім беру бағдарламасын жасау керек деп санайды. Ал «ҚХР Үшінші темір жол жобалық-зерттеу институты» компаниясы бас директорының орынбасары Цзян Сианпин жоғары жылдамдықтағы темір жолдар жобасы саласында ынтымақтасуға ұсыныс білдірді. Францияның Le Havre университетінің профессоры Пьер Шабаль келесі жылдың наурыз айында Каз ККА студенттері Франция университетіне оқуға келетінін жеткізді, жоспарда сондай-ақ PHD бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары да бар. Дөңгелек үстел барысында ЕАЭО кеңістігінде көліктік салаға жоғары білікті мамандар дайындау жөнінен ынтымақтастықты тереңдете түсуге арналған өзге де ұсыныстар айтылды.
Мерейтойға арналған екі күндік шара аясында Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өтті. Жиынды ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Имашев Компания президенті Қ. Алпысбаевтың құттықтау хатын табыс етіп, Қазақстанның көлік кешенін дамыту мен экономиканың инфрақұрылымдық негіздерін қалыптастыруда академияның ролін жоғары бағалады. Сонымен қатар, шара барысында Академияның ғылыми кеңесінің отырысы өтіп, Мұхамеджан Тынышбаев ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі мен білім ордасының қайта жасақталған мұражайының тұсауы кесілді.
Бүгінде Академия қабырғасында 9 мыңға жуық студент білім алуда. Оның ішінде оқу орнына қарасты колледж студенттері де кіреді. Салтанатты жиында Академия ректоры Б.Қуанышев, ҚР Парламент Сенатының депутаты Р.Ахметов, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З. Сағынов, темір жол ардагері Н.Исингарин, тағы басқа мәртебелі меймандар сөз алып, құттықтау лебіздерін білдірді.
Елена ҚОЛДАСБАЕВА
Ирина БЕКТИЯРОВА
Новости
03.03.2026
Корпоративный омбудсмен АО «НК «ҚТЖ» посетил крупные железнодорожные станции Мангистау
Новости
03.03.2026
Вопросы стратегического сотрудничества обсудили КТЖ и Wabtec
Новости
03.03.2026
КазАПО и АНЭК обсудили меры по росту транзитного потенциала и эффективности перевозок
Новости
03.03.2026
Казахстан экспортировал более 441 тысячи тонн зерна через латвийские порты
Новости
03.03.2026
Порт Курык усиливает сотрудничество с азербайджанскими партнерами
Новости
03.03.2026
Колеса производства КНР на пространстве 1520 получат дополнительную маркировку
Новости / Архив
03.03.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №16 от 03 марта 2026 года
Новости
02.03.2026
Безопасность движения и производственные показатели обсудили на совещании в КТЖ
Регионы
02.03.2026
Ветеран Великой Отечественной войны Василий Григораш отметил 100-летний юбилей
Регионы
02.03.2026
Итоги профилактической работы подвели в Павлодарском отделении магистральной сети
Новости
27.02.2026
Сотрудникам Центра транспортного сервиса рассказали о проекте новой Конституции
Регионы
27.02.2026
Вице-министр транспорта встретился с жителями Карагандинской области
Регионы
27.02.2026
Сотрудники станции Жетысу провели профилактические рейды и встречи со школьниками
Регионы
27.02.2026
Месячник «Внимание, человек на пути!» проходит в Карагандинском регионе
Новости
27.02.2026
МДК помогли предотвратить почти 1900 изломов рельсов
Новости / Архив
27.02.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №15 от 27 февраля 2026 года
Новости
26.02.2026
Актюбинские железнодорожники обсудили конституционную реформу
Новости
26.02.2026
Проект новой Конституции обсудили в «КТЖ – Грузовые перевозки»
Новости
26.02.2026
KTZ Express представило транзитный потенциал ТМТМ на форуме в Германии
КТЖ в лицах
26.02.2026
Двух ветеранов железной дороги поздравили с 90-летием в Астане