Мұстафиндер ұстанымы

Новости
14.10.2016, 17:14
2 мин чтения
 

%d0%b8%d0%b7%d0%be%d0%b1%d1%80%d0%b0%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5-260

Теміржолшы – бабадан балаға мирас болып қалатын отбасылық мамандық. Бұл орайда солтүстік Түрксібтің отаны саналатын Семей жол бөлімшесінде әулетімен шойын жол саласында қызмет ететін жанұялар көп әрі ол жайт бүгінде ешкімге таңсық емес.

Алайда солардың арасында бүкіл отбасы мүшелерімен желі бойындағы бір ғана сала – станцияда ғана қызмет ететін отбасылар да бар екен.   Солардың бірі – Мұстафиндер әулеті. Дегелең-Семей телімінің 242,1 шақырымында орын тепкен шағын ғана Известковый станциясында бір ғана жанұяның мүшелері еңбек етеді. Станция бастығы - отағасы Рысқали Мұстафинов  қасына өз балаларын алып, еңбекке баулыпты. Бүгінде станция кезекшілері болып еңбек ететін екі ұлы кәнігі теміржолшылар. Рысқалы Тілеужанұлы бұл саланың қыр-сырына әбден қаныққан, әсіресе станцияда еңбек етудің ыстық-суығын бір кісідей сезінген, тәжірибесі мол жан. Ал аталмыш станция ашылғалы бері, аттай 15 жыл бойы еш үзіліссіз еңбек етіп келеді.   -Әке-шешем де желі бойындағы станцияларда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан жандар еді. Станцияға әкемнің ұсынысымен келген едім. Енді міне, қазіргі күні өз ұлдарымның да станцияда жұмыс істеулерін қалап, қасыма алдым. Олардың қатарына күйеубалам да қосылды. Отбасымызбен жұмыла еңбек етеміз. Бір әулеттің адамдары болғасын жанашырлық пен жауапкершілк жоғары әрі тең дәрежеде болуы заңдылық секілді. Сондықтан, істің көзін таппай, ертеңгі күні опык жемеуі үшін  балаларымды өзім баулып, кәсіби тұрғыдан жетілулеріне барынша тырыстым, - дейді отағасы.   Станция бастығы бұл ата дәстүрдің ендігі аралықта немерелеріне де берілгенін қалайтынын жасырмайды. Сол себепті де, өз немерелерінің станцияға бауыр басқанын қалап, балалардың ойын алаңқайын әзірлепті. Соған сай, мектеп жасындағы немерелері каникулда станцияға келіп, уақыттарын осынау жазық даладағы шағын станцияда өткізеді екен.     Шағын болғанымен 5-ші класты станцияға жататын Известковыйдың жүгі ауыр. Тәулігіне 12 жұп жүк пойызы өтеді. Міне, қоңыр күздің де екінші айы орталап қалды. Іргедегі Қаражыра кенішінен көмір тиеп алып ағылған ұзын-сонар жылжымалы құрамдар ел Шығысын бетке алып, асығып барады. Ал осы қара алтын тасқынын қабылдап алып, қауіпсіздігін қадағалап жөнелтіп отырған Мұстафиновтар отбасының мүшелерінің басты ұстанымы – ата кәсіпке адалдық. 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

   
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета