Борандының қысы қатал

Новости
18.10.2016, 13:02
2 мин чтения
Облыс орталығының іргесіндегі ірі транзиттік төртінші санатты Бурное деп аталатын станция ел ішінде Боранды аталады.  Айтса айтқандай, табиғаты жаймашуақ оңтүстіктегі қысы қатал, қар қалың түсетін, апталап боран соғатын аймақ. Станция тізгіні соңғы бес жылда  2013 жылы «Үздік станция бастығы» аталымымен марапатталғантәжірибелі маман Махмуд Сәрсенбаевтың қолында. 98 адам еңбек ететін бекет негізгі жолдың бойында жатқандықтан жолаушылар және жүк пойыздары көп өтеді. – Тәулігіне 20 жолаушылар пойызы өтеді. Ал жүк пойыздары әрқалай. Яғни, тәулігіне кейде 18 пар, кейде 23 пар өтеді. Жолаушылар пойызының барлығы дерлік тоқтайды,  өйткені, мұнда билет кассасы жұмыс істейді. Сондықтан қозғалыс қауіпсіздігін реттеуде жұмыс жетерлік. Станцияда бес жол бар. Оның бірінші жолына жолаушылар пойызы тоқтайды. Жолаушылар пойызының тоқтап тұру уақыты үш-бес минут. Станция аумағында жолаушылар үшін аспалы көпір бар. Оның үсті жабылмаған. Өйткені, ол жерден жоғары қуатты электр көзі өтіп тұр. Бүгінде қысқа дайындық толық аяқталды. Енді, көмір тасымалы басталды және шаруашылықтарға жем-шөп келіп жатыр. Жергілікті жүктен, Жуалының байлығы картоп тиейміз. Осындағы әскери бөлімде жиі оқу-жаттығу шаралары өтіп, әскери техникалар да осы станция басында тиеліп-түсіріліп жатады.  Жұмысшылар арнайы киімдермен толық қамтамасыз етіліп отыр. Оны өз басым қатаң қадағалап отырмын, – дейді станция бастығы. Жуалының қысы қатал. Әсіресе қыс ортасында бұл аймақта қалың қар мен ақтүтек бораннан автокөлік жолдары жабылып, теміржолға деген сұраныс артады. Тіпті, жергілікті әкімдік қызметкерлері жолда қалған жолаушыларды осында алып келіп, пойыздарға салатын жағдайлар жиі орын алады. Жолда қалған жолаушыларды қабылдап, шығарып салуға  бурныйлықтар үйреніп қалған. Осыдан бірнеше жыл бұрын Жуалы ауданының орталығында  Б.Момышұлының 100 жылдығы өткенде станция басы мен вокзал жөндеуден өткен, бүгінде сол қалпын сақтауда және абаттандыруда көптеген жұмыстар жүргізілуде екен. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы дамыған аудан болғандықтан, бізде де басты проблема сол – тұрғындардың төрт түлігі. Станция ауылдың қақ ортасында жатқандықтан мал-жанның темір жолға кедергі келтіруі, бүкіл теміржолшылар қанша күрессек те тиылмай отыр. Дегенмен, жергілікті әкімдікпен бірлесе ұдайы жұмыстар жүргізіп, жаңадан шаралар қабылдап, халықты белгіленген жерлерден өтуге, жолға жақын мал жаймауға бірте-бірте дағдыландырып келе жатқан секілдіміз, – деген станция бастығының мәліметінше, биылғы жылды бурныйлықтар жақсы көрсеткішпен қорытындылайды деп болжам жасауға әбден болады.

Ерман Әбдиев, Бурное

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета