Қызым саған айтам, келінім сен де тыңда...
Маңғыстау пайдалану локомотив депосында машинистер мен машинист көмекшілері отбасыларының екінші мүшелерімен кездесу болып өтті.
Маңғыстау Жүк тасымалы бөлімшесі «Локомотив» АҚ филиалы – Маңғыстау пайдалану локомотив депосының бастығы Бақтияр Тулепов өз сөзінде локомотив бригадаларының шеберлігі мен біліктілігінің қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Маңғыстау пайдалану локомотив депосына ТД-2 Бейнеу айналым локомотив депосы және ТД-30 Жаңаөзен айналым локомотив депосы қарайтындығын, барлығын қосқанда депода 262 машинист, 264 машинист көмекшісі еңбек ететінін сөз еткен басшы, қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудағы негізгі буын осы локомотив бригадалары екендігіне баса тоқталды. «Машинистер жұмысқа түсер алдында 5-6 сағат демалулары қажет. Отбасының асыраушысы – ер азаматтарыңыздың демалуына жағдай жасау, көңіл күйлеріне қарайлау, сүйікті тағамын дайындап, киімдерін, керек-жарағын түгендеп шығарып салу – әр шаңырақтың ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы мына отырған әйел, аналар, апа, келіндер сіздерге тікелей байланысты», – деп нәзік жандыларға қарата әңгіме айтқан директор теміржолшылар зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ұрлық-қарлыққа жоламауы керектігін, ащы су мен улы түтіннің кесірінен қаншама адамның өмірі былғанғанын, жұмыстан босап опық жеп жүргендерін мысалға келтірді.
Келесі кезекте сөз алған депоның кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілсейіт Нәбиханов отбасындағы ерлі-зайыптылардың рөліне тоқталып, мұндай мағыналы басқосуларға әсіресе, жас теміржолшылардың жұбайлары қатысу керектігін дұрыс санады. Оның бұл пікірін жиынға қатысушы аналар да қостады. «Біздің отау құрып, түтін түтеткенімізге 20-30 жылға таяды. Осы аралықта біз ыдыс-аяқ сылдырының кезеңдерінен сәтті өттік. Қазіргі жастардың өмірге көзқарасы, білім-білігі басқа. Темір жол мамандығының қыр-сырын, қиыншылықтарын түсіну үшін жас келіндер шақырылған жиыннан қалмай келулері керек. Нәтижесінде, күйеулерінің мамандығына сабыр, түсіністікпен қарар еді, қит етпе жанжалдардан тиылар еді», – деді олардың бірі.
Жиында депоның кадр және бухгалтерлік бөлім мамандары да сөз алып, құрылымдық өзгерістер мен жалақы, қосымша жеңілдіктер, т.т. сауалдарға қатысты түсінік берді.
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета