Қауіпсіздік талабы қатал

Новости
25.10.2016, 16:23
2 мин чтения
Зылқия Батышева  Астана ірілендірілген жол дистанциясында жетекші еңбек қорғау инженері болып еңбек етеді. Целиноград теміржол техникумын жол және жол шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдаған маманның салада еңбек етіп келе жатқанына 30 жылдан асты. Атбасарда  теміржолшылар отбасында өскен Зылқия тәртіп пен тұрақтылық бар салада қызмет ету қашан да табысқа жетелейтінін қырық жыл теміржолшы болған сол ата-анасынан алған тәлімі деп біледі. Өз ісінің маңыздылығы мен жауапкершілігін жоғары бағалайды. Үздіксіз қозғалысқа толы саланың қауіпсіздігін сақтауда жұмысшы еңбегінің маңызы зор болса, сол еңбек күшінің қауіпсіздігінде еңбек қорғау инженері қызметінің де үлесі бар. Біздің дистанцияға өзіңіз білесіз, Бурабайдан бастап үлкен аумақтар кіреді. Үш бағыт бар: Астана – Ерейментау, Астана – Жайнақ және Төңкеріс – Шортанды бағыттары. 7 телім, 3 колоннамыз және цехтарымыз бар. Соның барлығында өндірістік қауіпсіздікті сақтау жұмыстарын атқарамыз, – дейді еңбек қорғау маманы.        Қашан да қауіпті аймақ саналатын теміржолдан өту жолдарына рейдтер ұйымдастырып, барлық тексеру жұмыстарына қатысу, техникалық сабақтарды өткізуге араласу, тағы да басқа қыруар шаруаны атқарып, оны қағаз жүзінде тіркеп отыру үшін инженер маманына әдеттегі жұмыс күндерінің жеткіліксіз болатыны да рас. Дегенмен тек салада мықты тәжірибе жинақтаған кәсіби мамандар ғана мұндай жұмыс көшін еш кідіріссіз алға бастыра алады. Техникумнан соң еңбек жолын 1981 жылы жолшы болып бастағаннан бері қарай, техник, жол инженері, инженер-технолог, кадр бөлімінің инспекторы, кадр жөніндегі маман жұмыстарын атқарды. Көлік құрылысы мамандығы бойынша сырттай оқып жоғары білім алған Зылқия Секенқызы білім мен біліктілік арттырудың ешқашан артық болмайтынын айтады.

Райхан Рахметова

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета