АЛМАТЫ – ШУ: екінші  жолмен алғашқы пойыз  өтті...

Новости
28.10.2016, 11:26
4 мин чтения
Алматы-1 – Шу темір жол желісінде екінші жол салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған телімдер кезең-кезеңімен пайдалануға беріле бастады. 26 қазанда технологиялық «толаскез» кезінде құрылысшылар жалпы ұзындығы 10 км болатын №20 және №21 телімдерінде іске қосу, реттеу жұмыстарын жүргізіп, су жаңа телім бойымен алғашқы пойыз жүріп өтті... Бұл – Жыңғылды – Құрқұдық және Құрқұдық – Шамалған аралығындағы желі. Енді ол толыққанды қос жолды телімге айналды. Салынған темір жол желісімен алғашқы болып №42-ші Атырау – Алматы жолаушылар пойызы жүргізілді. Оның артынан басқа да жолаушы және жүк пойыздары жаңа желі бойымен зулай бастады...  Бұл тарихи күні, яғни, 26 қазанда 2008 блок-қосынына жұмысшылар мен мамандар көп жиналды, алып темір жол құрылыс техникалары әкелінді. 9 сағат 15 минутта құрылысшылар өз істеріне кірісіп, 8 сағаттық ұзақ технологиялық «толаскез» ашылды. Осы үзілісте олар жанданған магистральде көп нәрсені үлгеріп істеп қалуға тиіс болды. Атап айтқанда, бірінші кезекте тақ жолдағы ендігі керек болмай қалған бағыттама бұрмаларын тазалау жұмысын DESEC атты  алып техника еңсеріп тастады, аз ғана минуттардың ішінде барлық бағыттамаларды «жылы орнынан» жұлып алып, оларды әрі қарай тасып алып кету үшін бөлек орынға қойып шықты. Бағыттама бұрмаларын бөлшектеу жұмыстары бар болғаны 30 минутта аяқталды. Одан әрі әдеттегі сызба бойынша: бульдозермен жерді ою, жер төсемдерін грейдермен дайындау, рельс шпал торын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сол жерде-ақ хоппер-мөлшерлеуіш те жол төсемдеріне қиыршық тас төсеп үлгерді. Бұдан кейін Duomatic жолды түзеу және нығыздау жұмыстарын атқарып, жолды біржолата жобада белгіленгендей өз орнына қойды. Ең соңында жол шаблонмен тексеріліп, жоспарланған мерзімнен біршама ертерек, тура 11 сағат 15 минутта  темір жол желісінің тақ бойымен қозғалысты ашуға бұйрық берілді. Жаңа жолмен  жолаушылар және жүк пойыздар жүріп өтпес бұрын жолдың беріктігі мен сенімділігі 3 локомотивті жүргізу арқылы  тағы да тексерілді. Осыдан кейін барып №42 Атырау – Алматы пойызының  жаңа ғана төселген теліммен жүріп өтті. Осынау тарихи сәтті бастан кешірген құрылысшылар мәз-майрам,  терезеден өздеріне  таңырқай қарап бара жатқан пойыз жолаушыларына қол бұлғап, қуаныштарымен бөлісуде...   Алайда жұмыс мұнымен тоқтаған жоқ. Енді жаңа жолдағы энергетика, белгі беру жүйесі, орталықтандыру және (СОБ) блокировкалаумен байланысты жұмыстарды аяқтау керек болатын. Сағат 17-лерге жуық жоспарланған жұмыс                 толық аяқталды. Ескі байланыс желісінің соңғы тіреулері бөлшектеніп, оның орнына жаңалары қойылды. Қоректендіретін тоқ сым дәнекерленіп, электр жарығы берілді. Желімен жол өлшегіш вагон жүргізілді. Тақ жолмен орташа балдық көрсеткіш 64 болды. Бұл «жақсы» деген толық бағаға ие болғандығын көрсетеді. – Бұл Алматы-1 – Шу екінші жолдары нысанындағы бірінші жеңісіміз, – деді Алматы жүк тасымалы бөлімшесі магистральдық желі басшысы  Асқар Кукузов қуанышын жасырмай. Оның айтуынша, Жыңғылдыдан Шамалғанға дейінгі жаңа жолда қазіргі таңда жылдамдық сағатына 40 км болса, ол біртіндеп жоғарылатылатын болады. Пайдалануға берілген алғашқы түннің ішінде жаңа телімнен 8 жүк пойызы жүріп өткен. – «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүзеге асырып жатқан маңызды жобаны орындау міне, осылай  мәреге жетуде. Жаңа ғана салынып біткен жолмен алғашқы жолаушылар және жүк пойыздары жүріп бастады. Ертең осы тарихи сәтке куә болғанымызды мақтан ететін боламыз, – деді көптің қуанышын бөліскен ардагер-теміржолшы Қалтай Сәмбетов. – Құрылысшылар жобаны өз уақытында орындауға дайын. Жамбыл және Алматы  жол бөлімшелері бойынша телімдерді іске қосуды аяқтау кестесі жасалды. Екінші жолдардың барлық 58 км осы жылы қараша айында-ақ пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз. Адам, техника, қажетті  ресурстарымыз жеткілікті, – дейді ұлттық компанияның ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша дирекциясының Алматы-1 – Шу теліміндегі екінші жолдар құрылысы бойынша басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов. Бүгінгі таңда жаңа теліммен 24 жұп жолаушы пойызы мен 18 жұп жүк пойызы жүріп жатыр.

Ирина Бектиярова, Алматы-1 – Шу

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета