Туған елге  саяхатқа аттанды

Новости
01.11.2016, 12:49
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «ҚТЖ»  ҰК» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының «Туған елге саяхат» атты жобасы аясында 12 мен 15 жас аралығындағы 120 бала Қазақстанның тарихи жерлеріне саяхатқа аттанды. 30 қазанда кешкілік Астана вокзалынан жүріп кеткен арнайы пойыз мерекедегідей әсем безендірілген. Күзгі демалысқа шыққан жасөспірімдер 7 қарашаға дейін жоба бағдарламасы бойынша Байқоңыр, Түркістан және Алматы қалаларына тоқтап, аталған жерлердегі тарихи-киелі орындар мен мұражайды,  өзге де көрнекі орындарды аралайтын болады. Мектеп оқушыларының тоқсан аралық каникулын мазмұнды өткізіп, олардың туған жерге деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған 9 күндік тур жобасына демеушілік еткен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болса, жүзеге асырушы – «Әлеуметтік жобалардың қоры» корпоративтік қоры. – Арнайы пойыз 6 вагоннан тұрады, оның біреуі – тамақтанатын мейрамхана, барлығы 120 бала және балаларды қадағалап, әрі бағдарлама аясында олардың уақытын қызықты өткізуге атсалысатын 13 ересек адам бар. Олар – ұлттық компаниядан бекітілген жауапты адамдар, дәрігерлер, аниматорлар, биші, әнші өнерпаздар, ағылшын пәні мұғалімі. Жас саяхатшылар негізінен ұлттық қордың және аз бөлігі ұлттық компания қызметкерлерінің балаларынан жинақталған. Сапарымыз сәтті болып, бәрін де бағдарлама аясында ойдағыдай жүзеге асыратын боламыз деген сенімдеміз, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ  Адам ресурстары департаментінің менеджері Ержан Мантиков. Балалардың 9 күндік туры 29 қазанда Астанадан басталып, олар сәулетті елорданың көрнекі жерлерін аралаған болатын. Ал өзге өңірлерге сапар Астана вокзалында жалғасып, дуылдаған көңілді жастардың шат күлкісі перронды жаңғыртты. Сапар алдында аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырған балалар ойыншықтай әдемі вагондарға отырып, шығарып салушы көпшілікке қол бұлғап, аттанып  кетті... Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, балалардың пойыздағы алғашқы күні таңертеңгілік жаттығу жасаудан басталады. Таңғы ас ішіп болғасын 4 топтың балалары әр вагонға бөлініп, би, көркемөнерпаздар, интеллектуал және ағылшын үйірмелеріне қатысады. Арасында үзіліс пен түскі, кешкі асты ішетін уақытта басқа кезде осындай үйірмелерге қатысулары жалғасып отырмақ. Ал кешкісін «Астана» фото селфиі мен үйірмелер бойынша қорытынды жасалады. «Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық турының бағдарламасы бойынша 1 қарашада әлемге белгілі ғарыш айлағы орналасқан Байқоңыр қаласына жеткен балалар мұнда арнайы қонақ үйлерге орналасып, Байқоңыр космодром тарихы мұражайын, С.Королев, Ю.Гагарин атындағы мемориал үйін, «Буран» орбитальдық кемесін аралайды. Түстен кейін қала ішіне саяхат жасап, скверлер мен ескерткіштерді көреді. Бос уақыттарында түрлі викториналық ойындар мен байқауларға, клубтарға қатысып, уақыттарын қызықты өткізеді. Ал 3 қараша күні жас саяхатшылар қасиетті Түркістан қаласына келіп жетеді. Мұнда олар Отырар қалашығын, Арыстан баб кесенесін аралап көреді. Отырар қаласында түстеніп, Алғабас ауданындағы Ақмешіт үңгіріне барады. Ал 4 қарашада саяхат ескі Сауран қалашығының орнына, Йассауи кесенесіне, жерасты мешіті мен Рәбия Сұлтан бегім кесенесіне, XV ғасырдан қалған шығыс моншасына, тарихи мұражайға жалғасады.  Кері қарай, 5 қарашада Алматыға жеткенше жастар үздік коллаж жасап, өлең шығарудан байқауда бақ сынайды. Оңтүстік астанада Медеу мұз айдынына барып, Шымбұлаққа көтеріліп, көрікті қаланы тамашаламақ: 28 Панфиловшылар паркін, Тәуелсіздік алаңы, Президент резиденциясы, Тұңғыш Президент паркі, жыртқыш аңдар шоуын көрмек, басқа да қаладағы ойын-сауықтық орталықтарда көңіл көтереді, Алматының зообағын аралайтын болады. Жас саяхатшылар 7 қарашада кешкілік Астанаға оралып, турдың салтанатты жабылу рәсімі жасалмақ.

Райхан РАХМЕТОВА

КТЖ в лицах
24.06.2026
Инженера-технолога Каухар Нуртазину проводили на пенсию в Семейском отделении грузовых перевозок
Новости
24.06.2026
Встреча представителей железнодорожных профсоюзов Казахстана и России состоялась в Кокшетау
Новости
24.06.2026
КТЖ призывает соблюдать правила безопасности на железной дороге в период летних каникул
Новости
24.06.2026
Дноуглубительные работы продолжаются в порту Актау
Новости
23.06.2026
Внесших вклад в развитие взаимодействия со СМИ сотрудников отметили в КТЖ
Новости
23.06.2026
Студенты ALT Университета проходят геодезическую практику на объектах КТЖ
Регионы
23.06.2026
Итоги работы за 5 месяцев подвели в РЦУП-2
Новости / Архив
23.06.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №48 от 23 июня 2026 года
Новости
22.06.2026
Будущее ключевого маршрута между Европой и Азией обсуждают в Брюсселе
Новости
22.06.2026
КМГ и КТЖ обеспечили сквозной цифровой контроль логистики нефтепродуктов в Казахстане
Инфраструктура
22.06.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Талдыкоргане
Новости
22.06.2026
КТЖ создаст единую цифровую сеть LTE-R для железных дорог Казахстана и международных транспортных коридоров
Регионы
22.06.2026
Железнодорожники высадили цветы у административного здания Семейского отделения магистральной сети
Грузовые перевозки / Цифра недели / Инфографика
22.06.2026
Более 130 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Новости
22.06.2026
Победителей художественного конкурса среди детей железнодорожников наградили в Астане
Регионы
22.06.2026
Карагандинские железнодорожники высадили 60 деревьев в рамках проекта «Таза Қазақстан»
Новости
21.06.2026
Машинист поезда предотвратил наезд на пятилетнего ребенка
Новости
20.06.2026
Движение по новому автодорожному мосту открыто в Алатау
Пассажирские перевозки
20.06.2026
АО «Пассажирские перевозки» вводит дифференцированный подход к формированию стоимости билетов
Новости
20.06.2026
Иран ознакомился с морской инфраструктурой РК