Халықаралық көрме – оңтүстікте

Новости
01.11.2016, 12:54
3 мин чтения
Биыл екінші рет Шымқалада «Көлік, Логистика және Инфрақұрылым» – Silk Way Transport, Logistics & Infrastructure 2016 ІІ Халықаралық көрмесі өтті. Жобаны ұйымдастыруға ОҚО әкімдігі мен қатар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ОҚО «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы,  «Kazlogistics» көлік қызметкерлерінің одағы, ҚР Экспедиторларының Ұлттық қауымдастығы, Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы, «БК «Көлік-Логистикалық аумақ» қолдау көрсеткен.  Көрмеде 20-дан астам көлік және логистикалық компаниялар өздерінің қызметтері мен жабдықтарын ұсынды. – Елбасы Н. Назарбаев Қазақстанның аумағы арқылы өтетін жүктің көлемін 2010 жылмен салыстырғанда 2020 жылға дейін он есе өсіру талабын қоюда. Ол үшін алдымен көліктік инфрақұрылымды дамыту қажет. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде біздің облыста 16 бағдарлама іске асып келеді. Алдағы уақытта Қазақстан мен Өзбекстан шекара аумағында«Қорғас» халықаралық шекаралық сауда орталығы сынды  логистикалық хаб ашылмақ, – деді ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев көрмеге қатысқан барлық кәсіп иелерімен болған басқосуда оларды бірлесе жұмыс істеуге шақырып.  Келешекте Шымкентте көлемі 90 гектарға жуық Көліктік-логистикалық орталық ашылмақ. Осының шағын көшірмелеріне Сарыағаштан,Түркістаннан  20, Жетісайдан 10 гектардан жер бөлініп, құрылыс нысандары салынып жатыр. Ұйымдастырушылар көрмеге жиналғандарға осы орталықтардың салынып біткен қоймаларын тиімді пайдалануға кеңес берді. – Ресейлік бірқатар сауда орындарымен келісімге келіп, осы жазда үлкен жүкті тасымалдадық. Сонда Сарыағашта 4 күн бойы рефрижераторлық көлік таппай қиналдық. Басқа амал қалмаған соң, қырғызстандық осындай көлікті жалдауға  тура келді.Сондықтан, рефрижераторлық көліктердің тасымалдануын кәсіби деңгейге жеткізу керек. Себебі, біздің облыста жыл сайын 3,500 млн тонна ауыл шаруашылық өнімі өндіріледі. Қазіргі уақытта біз бар болғаны 200-300 мың тоннасын ғана сыртқа тасымалдаймыз. Өңірдегі  көліктік- логистикалық құрылымның дамымауынан қаншама өнімді сыртқы елдерге жеткізе алмаймыз. Ал, Ресей сыртқа елдерден келген тауардың сапасына аса көңіл бөледі. Көршілер өнімнің қандай температуралық режимде келгеніне, қанша күнге шыдас беретініне дейін сараптап отырады. Жерлес дихандардың еңбегі еш кетіп жатыр. Егер шет елдерге өнімді жеткізу сапалы жүзеге асса, жылына 10 млн тонна тауар тасымалдауға болар еді. Сондықтан, осында отырған көлік компанияларының иелеріне Сарыағаш, Мақтаарал сынды бақша дақылдары көп өсетін ауданның диханшылармен жұмыс істеуге шақырар едім, – деді «Басқарушы компаниясы «Көлік – логистикалық аймақ» ЖШС Бас директорының орынбасары М.Телғозы. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы қай жағынан алсаңыз да көліктік инфрақұрылымды дамытуға қолайлы өңір. Аймақ «Батыс-Еуропа – Батыс -Қытай» халықаралық автобаны мен «Шымкент – Самара» тас жолының бойында жатқандықтан көлік қозғалысы толастамайды. Өңір басшылары осы мүмкіндікті пайдаланып, сауда-логистикалық орталықтар ашу арқылы, көліктік инфрақұрылымды дамытуға күш салуда.  

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета