Торқалы тойға тарту
Новости
04.11.2016, 13:09
Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық тойына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан» арнайы пойызы 1 қараша күні Елорда вокзалынан салтанатты түрде сапарға аттанды. Торқалы тойға тарту ретінде жолға шыққан ақжолтай пойызға сәт-сапар тілеген қауым республикалық акция діттеген мақсатына жетіп, елдің ыстық ықыласына бөленіп оралуын тілеп, мерекелік көңіл-күймен шығарып салды.
14 желтоқсанға дейін 43 күннің ішінде еліміздегі 35 елді мекенге тоқтап, мыңдаған халықпен кездесетін пойыздағы халқымыздың бетке ұстар тұлғалары азаттық пен еркіндік әперген биік асуларымызды паш етіп, алдағы мақсат-міндеттерімізбен бөлісетін болады. Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ бастамасымен жұмысын бастаған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясының мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді көрсету, қазақстандық патриотизмді дамыту және халықтыӊ бірлігін нығайту, 10 әлеуметтік әсер беру болып табылады. Атап айтқанда, акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және тағы басқа салалар бойынша консультациялық кеӊестер беріледі. Пойыз елді мекендерге тоқтағанда жергілікті халыққа, оныӊ ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне және шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына қызметтерін ұсынатын болады.
Елорда вокзалында өткен акцияның салтанатты басталу рәсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасыныӊ орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентініӊ Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары Владимир Божко, ҚР Тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымыныӊ мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылым мен өнер және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты. Қазақстан эстрадасының жұлдыздары ән мен жырдан шашу шашты.
Құрамында жоғарыда аталған белгілі тұлғаларды қосқанда мәдениет және спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, әділет, білім және ғылым, ауылшаруашылығы, инвестициялар және даму, ішкі істер министрліктері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» басқарушы холдингі, «Атамекен» ҰКП өкілдері бар «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының сапары Астанадан бастау алып, өз жұмысын Алматы қаласында аяқтайды.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай республика бойынша 200-ден аса ірі іс-шаралар өткізілуде, соның бірі – осы пойыз акциясын ұйымдастыру болатын. Пойыз құрамындағы азаматтар сонау шалғай жатқан елді мекендер тұрғындарымен кездесіп, оларға Елбасымыздың саясатының жемісін, «100 нақты қадам» бағдарламасының орындалуын жеткізе түсіндіріп, өзге де түрлі нақты қызметтер ұсынатын болады. Осындай жауапкершілік арқалаған акцияға қатысушыларға сәт-сапар, ақ жол тілейміз, – деді Г. Әбдіқалықова.
Шараның ойдағыдай өтуіне 7 министрлік пен 3 ірі ұлттық компания атсалысуда. Жетекші және тар бейінді Толыққанды медициналық тексеру және кеӊес қызметтері, Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысу, қызметкерлердіӊ еӊбек құқығын қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, жәрдемақы төлеу, т.б. әлеуметтік мәселелер бойынша кеӊес қызметтері, жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу, борышкер мүлкіне тыйым салуды болдырмау және алу, алименттерді төлеу, заӊды тұлғаны тіркеу немесе тарату, кәсіподақ қызметі бойынша және т.б. заӊ мәселелері бойынша кеӊес қызметтері, жер қарым-қатынасы, кооперацияны дамыту, жеке қосалқы шаруашылық, ет мал шаруашылығы, сүт мал шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету, өсімдіктерді қорғау бойынша, асыл тұқымды мал өсіру, өсімдік шаруашылығы бойынша қаражаттандыру және т.б. ауылшаруашылық мәселелері бойынша кеӊес қызметтері, жоғарғы білім беру мәселелері, техникалық және кәсіби білім берудіӊ басым бағыттары туралы және т.б. білім беру саласы бойынша кеӊес қызметтері көрсетілмек.
Құрамында 270 адам бар 8 вагондық арнайы пойыздың сапарына сәттілік тілеген Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров: «Біз бүгін республикамыздың барлық өңіріне маңызды миссиямен баратын темір жол құрамын шығарып салып тұрмыз. Акцияға қатысушыларға сәтті сапар болсын деп тілейміз», – деді. Жылжымалы құрамға Руслан Барбасов бастаған пойыз бригадасы қызмет көрсетеді. Теміржолшылар пойыздың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Райхан РАХМЕТОВА
Пассажирские перевозки
24.06.2026
Нацперевозчик объявил о скидках до 20% на популярные туристические маршруты
КТЖ в лицах
24.06.2026
Инженера-технолога Каухар Нуртазину проводили на пенсию в Семейском отделении грузовых перевозок
Новости
24.06.2026
Встреча представителей железнодорожных профсоюзов Казахстана и России состоялась в Кокшетау
Новости
24.06.2026
КТЖ призывает соблюдать правила безопасности на железной дороге в период летних каникул
Новости
24.06.2026
Дноуглубительные работы продолжаются в порту Актау
Новости
23.06.2026
Внесших вклад в развитие взаимодействия со СМИ сотрудников отметили в КТЖ
Новости
23.06.2026
Студенты ALT Университета проходят геодезическую практику на объектах КТЖ
Регионы
23.06.2026
Итоги работы за 5 месяцев подвели в РЦУП-2
Новости / Архив
23.06.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №48 от 23 июня 2026 года
Новости
22.06.2026
Будущее ключевого маршрута между Европой и Азией обсуждают в Брюсселе
Новости
22.06.2026
КМГ и КТЖ обеспечили сквозной цифровой контроль логистики нефтепродуктов в Казахстане
Инфраструктура
22.06.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Талдыкоргане
Новости
22.06.2026
КТЖ создаст единую цифровую сеть LTE-R для железных дорог Казахстана и международных транспортных коридоров
Регионы
22.06.2026
Железнодорожники высадили цветы у административного здания Семейского отделения магистральной сети
Грузовые перевозки / Цифра недели / Инфографика
22.06.2026
Более 130 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Новости
22.06.2026
Победителей художественного конкурса среди детей железнодорожников наградили в Астане
Регионы
22.06.2026
Карагандинские железнодорожники высадили 60 деревьев в рамках проекта «Таза Қазақстан»
Новости
21.06.2026
Машинист поезда предотвратил наезд на пятилетнего ребенка
Новости
20.06.2026
Движение по новому автодорожному мосту открыто в Алатау
Пассажирские перевозки
20.06.2026
АО «Пассажирские перевозки» вводит дифференцированный подход к формированию стоимости билетов