«Сенімді серіктес» байқауының жеңімпазы атанды
Үстіміздегі жылдың 18 қарашасы күні Астанада «Ұлы дала елі» ІІ-ші отандық тауар өндірушілер форумы өтті. Шара барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен «Сенімді серіктес 2016» байқауында жеңіске жеткендерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздары әртүрлі номинациялар бойынша анықталды. «Сатып алулардағы жергілікті құрамның үлесі» аталымында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Жолаушы тасымалы» АҚ жеңімпаз деп танылды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жергілікті мазмұн үлесін сатып алудағы көлемі – 91% құраған. Бүгінде Акционерлік қоғамның компаниялар тобымен 116 бағдар бойынша жолаушылар тасымалы жүзеге асырылып, осы тасымал процесінің үздіксіз және қауіпсіз орындалуына шамамен 15 мың еңбеккер жұмылып отыр. Ал байқауда тағы бір «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Қазтеміртранс» АҚ «Отандық тауар өндірушілермен ұзақмерзімді шарттар» аталымында көш басынан көрінді. Ол ең қомақты қаржы көлеміндегі ұзақмерзімді келісімшарттар жасасып, отандық тауар өндірушілерге қолдау білдіріп отырған үздік тапсырыс беруші ретінде танылды. Байқауды ұйымдастырушылар, конкурс жеңімпаздарының сатып алуларға жасалған мониторинг нәтижелері және қатысушыларға жүргізілген сауалнамалар негізінде іріктелгенін мәлімдеп отыр. Әсіресе, жеңімпаздарды іріктеу барысында, сатып алу қызметінің тиімділігі мен келісімшарттардың орындалу сапасына басымдық беріліпті. Сонымен бірге, бағалау критерийлеріне қатарынан сатып алуларды тиімді жоспарлау, процедуралар саны, яғни, сатып алулардың бұзылмауы, тағысын тағы көрсеткіштер есепке алынған. Сонымен қатар, форум шеңберінде 10 млрд теңгеге келісімшарт жасалып, төрт тапсырыс беруші компания мен 10 отандық тауар өндіруші арнайы келісімшартқа қол қойды. Соның қатарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазақстандық технологиялық пайдалану орталығы» ЖШС-мен екі жылға, вагон баяулатқыштарды жеткізуге 397 858 140 теңге көлеміндегі қаржыға келісімшарт жасасты. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен биыл екінші рет өтіп отырған форуммен қатар «Көрме» орталығында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтіп, оған аймақтық байқауларда топ жарған 145 компания қатысты. Жүзден жүйрік шыққан кәсіпорындар қатарынан «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС табылып, темір жол саласына қажетті өнім – рельс үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Бұл форумның мақсаты, отандық тауар өндірушілер мен оларды тұтынушылардың арасында өзара байланысты жақсарту, олардың өзара әрекетттесе отырып, жұмыс істеун күшейту, сондай-ақ, ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер бойынша бизнес ұстанымын жасау болып отыр. Ең бастысы, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан ұсынылған, «Ұлы дала елі» біртұтас қазақстандық брендін қалыптастыру, аталған шараның негізгі идеясы болып табылуда. Сөз орайы келгенде, «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІ форумы Қазақстан кәсіпкерлерін қолдауға бағытталғанын атап өтер едік. Оның жарқын көрінісін, форумға қатысушылардың сұрақтарына белді тұлғалардың жауап беріп, В2В сипатындағы кездесулердің өтуінен байқауға болады. Форумда бизнестің табысты өркендеуіне жол ашатын ұзақмерзімді келісімшарттарға қол қойылды. Ұзақ мерзімге арналған шарттардың мәнісі сол, өндірісті жаңғыртып, компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік туып, несиеге қолжетімділік жақсармақ, сондай-ақ, қосымша өндіріс желілері іске қосылады. «Ұлы дала елі» брендін қолдану құқығы жыл сайын, Қазақстан брендін халықаралық ауқымда алға жылжытуға ден қойған, үздік отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге табысталатын болады. Демек, бұл шара ірі, орта және шағын бизнес өкілдеріне сапалы өнімдер мен қызметтерді «Ұлы дала елі» бренді аясында біріктіруге, ел абыройын асқақтатуға мүмкіндік береді. Бір жағынан бұл, жеңімпаздарға қосымша мүмкіндіктер мен жеңілдіктер ұсынылатынын ескерсек, тауар өндірушілерге қозғау салып, ынталандырады, екінші жағынан, Қазақстанның халықаралық ортадағы беделін өсіре түседі.Ислам ТАЛҒАТ, Кемел МАРАТ, Астана
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета