Дәстүрлі форум шымылдығын түреді

Новости
25.05.2016, 17:14
2 мин чтения
         Жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы – Астана экономикалық форумы биыл 24-26 мамыр күндері 9-шы рет өткізілгелі отыр. Әлемдік көшбасшылардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басын қосатын шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин де қатысады. Биылғы форумның тақырыбы – «Жаңа экономикалық ақиқат: әртараптандыру, иннова­ция­лар және білім экономикасы» деп аталады. Соның аясында әлемдік экономиканы дамытудың негізгі үрдістері мен сын-тегеу­рін­дері, сонымен қатар, жаңа эконо­микалық ақиқат дәуірінде ұзақ мерзімді экономикалық өсумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ. Еліміз ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болып, ЭЫДҰ-на және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге нақты қадамдар жасауда. Аймақтық және шетелдік инвесторлар үшін «ҚазМұнай Газ», «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Промазать» және «Самұрық Энерго» компаниялары арқылы экономиканың негізгі секторына енуге зор мүмкіндіктер ашылуда. Ертең басталатын қазақстандық форумда сол процесті тәжірибеде жүзеге асыру және ағымдағы жағдай туралы жан-жақты мәліметтер берілмек. Сонымен қатар форумның үшінші күнінде өткізілетін ең негізгі шаралардың бірі – Ұлы Жібек жолы елдерінің Форумы. Оның аясында болашақта елдің бар аймағының даму траекториясын белгілейтін тарихи Ұлы Жібек жолының бойында жатқан елдердің өзара ынтымақтастығындағы ең өзекті мәселелер талқыланбақ. «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы шараның осы Форумына қатысып, тақырып аясында баяндама жасап, бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. Күн тәртібінде сондай-ақ Еуразия дамуының Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуі мен Еуразиялық экономикалық бірігу бойынша екі геосаяси жобасының тоғысу перспективалары және мәселелері  қаралмақ.

Райхан Рахметова

Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники