Тіл мәртебесін ту еткендер...

Новости
29.11.2016, 11:55
5 мин чтения
        Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» ұйымдастыруымен «Үздік маман» және «Ана тілім – ардағым» атты қос байқау өтті. Алғашқы байқауда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-ның эколог-маманы Назым Елдеш жеңімпаз атанса, екінші командалық сайыста «Қазақтелеком» АҚ-ның «Жігер» тобы бас жүлдеге ие болды.         Ұлттық компанияның Астана қаласындағы оқу орталығында өткен сайыстар мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеу, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік тіл мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау, қызметкерлерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, аударма мен ана тілінде іс жүргізу сапасын арттыру болды. Соған сай байқау шарттары да тіл мен салт-дәстүрді, ұлттық өнерді дәріптеуге арналды.          Алғашқы күнгі «Үздік маман» байқауына теміржолшылар мен «ҚТЖ» АҚ активіне жататын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «KTZH Express» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ және «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, «Транстелеком» АҚ қызметкерлері де қатысты. Бұл байқаудың бірінші кезеңінде ұлттық компания бойынша жергілікті актілерден аударма жасауға тапсырма берілсе, екінші кезеңінде ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен терминдерге сәйкес терминдерді қатесіз аударудан білім-біліктерін танытты. Ал «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты соңғы кезеңінде кері оқығанда да өз мағынасын беретін сөздерді көбірек табудан жарысты. Конкурстардың нәтижесі бес балдық жүйе бойынша бағаланды. 13 сала қызметкері қатысқан «Үздік маман» жарысының қорытындысында 9 маман ынталандыру марапатына ие болып, оларға «Мультиварка» – әмбебеп ас пісіргіш сыйға берілді. Үшінші орынға ие болған «ҚазАвтоЖол» АҚ бас маманы Гүлім Меделбекқызына бейнекамера тарту етілсе, екінші орын алған Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Жәмиға Елеусізова фотоаппаратқа ие болды. Бірінші орын  алған Балқаш белгі беру және байланыс дистанциясының еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері Азамат Ықыласбековке үлкен теледидар тарту етілді. Ал бас жүлдеге «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ-ның экологы Назым Елдеш лайық деп танылып, сыйлыққа ноутбук алды.          «Ана тілім – ардағым» байқауына темір жолдан басқа мұнай және байланыс саласындағы компаниялардан барлығы 11 команда қатысты.  Ана тілін терең біліп, өнер мен білімді бойларына қатар жинаған команда қатысушылары арасындағы бұл жарыс өте қызықты, әрі тартысты өтті. Тіпті жоғарыда аталған екі байқауға бірдей баға берген қазылар алқасының құрамындағы төраға, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құжаттау және бақылау департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Саян Досаров, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Операциялық қызмет және сатып алу дапертаменті мемлекеттік тілді дамыту және аударма бөлімінің бастығы Жайнагүл Мұқашева, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Нұржан Жапарқұл, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы құжаттарды аудару және түзету бөлімінің бастығы Ришат Сағымбаев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Астана филиалының төрайымы Назгүл Әбдірахмановаларға жарыс жеңімпаздарын анықтау оңайға соқпады.         Екінші сайыстың бір ерекшелігі – төрт адамнан құралған әр команданың бір мүшесі міндетті түрде өзге ұлт өкілінен болды. Алғашқы шарты бойынша командалар «Туған өлкем – қасиетті мекенім» тақырыбы аясында өздерін, келген жерін таныстырып, ұжым жетістіктерінен, жұмыс орны және облыстың тарихи-мәдени ескерткіштері туралы слайдтар, бейнероликтер арқылы кеңінен мағлұмат берді. Келесі кезеңінде «Әзіл-сықақ сандығын» ақтарып, көңілді тақырыптарда сахналық көріністер қойды. Үшінші шартына сай «Артық болмас білгенің» тақырыбымен мемлекеттік рәміздер, қазақтың салт-дәстүрлері, темір жол көлігінің даму тарихы тақырыптарына арналған билеттер бойынша сұрақтарға жауап берді. Төртінші кезеңінде «Капитандар сайысына» кезек беріліп, олар мақал-мәтелдерді қаншалықты көп білетіндіктерін көрсетті. Соңғы кезең командалардың өнерлерін көрсетуге арналды.         Сонымен топтар арасынан осындай сындардан сүрінбей өткен қазақтелекомдық «Жігер» тобы бірауыздан бас жүлдені жеңіп алды. Олардан кейінгі бірінші орынды  байқауға аса тыңғылықты дайындалып келген «KEGOK» командасы иеленсе, екінші жүлде Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің «Әулиеата» командасына берілді. Үшінші орынды «Маңғыстау бөлімшесі – ЖТ» филиалының «Маңғыстау» командасы иеленді. Ал қалған топтар, атап айтқанда Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі филиалының «Сарыарқа», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Тәуелсіздік тарландары», «Ақтау ХТСП» ҰК» АҚ-ның «Теңіз маржандары», «KTZH Express» АҚ-ның «Жерұйық», «Шымкент бөлімшесі - ЖТ» филиалының «Бірлік», «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының «Тәуелсіз елім – ана тілім» командалары бірдей ынталандыру марапатына ие болды. – Осындай мағынасы зор, берері мол келелі шараны ұйымдастырған Қазақстан темір жолы компаниясына алғысымызды білдіреміз.  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған керемет тарту болды. Байқауды өткізуге атсалысқан әрбір азаматқа ризашылығымыз шексіз. Мереке құтты болсын! – деді қазылар алқасының төрағасы Саян Қуанышбайұлы. – Тіл мәртебесіне арналған мұндай шаралар бұған дейін де өткізіліп жүр. Бірақ осындай ауқымдылықпен алғаш рет өтуде. Алып кәсіпорындардағы қызметкерлердің мемлекеттік тілге деген құрметінің ерекше, көзқарастарының жоғары екендігіне куә болып, қуандық, – дейді Ұлттық компаниядағы тіл мәселелерімен айналысатын бас маман Ербол Тоқтағазы. Шара барысында көрермендерге «Шалқыма» қазақ ұлттық би және «Сарыарқа» ұлт аспаптар ансамбльдерінің өнерінен концерттік бағдарлама да ұсынылды.  

Райхан Рахметова, Астана

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета