Трансұлттық магистральдар – тұрақты көлік жүйесін жасақтау алғышарты
Новости
29.11.2016, 12:02
Түркіменстан астанасы Ашхабадта 26-27 қараша күндері Біріккен Ұлттар Ұйымынын мұрындық болуымен және халықаралык ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мунның қатысуымен Тұрақты көлік жүйесі бойынша ғаламдық конференция болып өтті. 70-тен астам елдің делегаты қатысқан маңызды жиынға Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев, «ҚТЖ Express» АҚ президенті Диас Исқақов, тағы бірқатар компания басшылары қатысты.
Атап өтерлігі, конференция басталмас бұрын Асқар Мамин Түркіменстан Президенті Гурбанғолы Бердімұхамедовтың қабылдауында болып, ҚР Президенті мен Премьер-министрдің жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, Премьер-министрдің бірінші орынбасары екі ел арасында достық және бауырлас байланыстың тамыры тереңде жатқанын айта келіп, бүгінде бұл тамыр сабақтастығы жаңа сипатта, нақты істермен жалғасын тауып жатқанын жеткізді. Өз кезегінде Түркіменстан басшысы қазақ елінің мемлекет басшыларына ыстық ықыласын жеткізе отырып, қазіргі заман екі елдің мүдделерін тоғыстыратын мемлекетаралық серіктестікті дамыту үшін жаңа перспективалар ашып отырғанын атап өтті.
Кездесу барысында екі тарап саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, тағысын тағы салаларға қатысты әңгіме өрбітіп, екі жақты іскерлік байланысты дамыту, нығайтуға әрмен қарай пәрмен беріп, белсенділік танытуға уағдаласты. Ертеңгі өтетін жаһандық конференцияның күн тәртібіне шығарылып отырған көлік сияқты стратегиялық сектордағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Осы ретте, екі елдің аталған саланы дамытуға қатысты жемісті серіктестік тәжірибесін қалыптастырып үлгергенін атап өтуге болады. Оның жарқын көрінісін, шекаралары шектесетін екі мемлекеттің бірлесіп, күш біріктіруінің арқасында Солтүстік – Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны болып табылатын Қазақстан – Түркіменстан – Иран темір жол құрылысы жобасының сәтті жүзеге асып, қазір екі ел арасында жүк тасымалының жүзеге асырылып жатқанын атап өтуге болады.
Бұл трансұлттық болат магистраль – экономикалық тиімді және коммерциялық негізі бар жоба болып қана табылмай, сондай-ақ, аймаққа және оның сыртындағы елдердің жалпы жағдайына жағымды ықпал ететін геосаяси фактор болып табылатыны және де Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздіктің салмақты факторы болып, құрлықтық саяси байланыстардың барлық жүйесінде тұрақтылықты күшейте түсетіні маңызды кездесуде атап өтілді.
Ал 26 қараша күні Тұрақты көлік жүйесі бойынша ғаламдық конференцияны ашқан Түркіменстан Президенті Гурбаноғлы Бердімұхамедов, ХХІ ғасырдың жаһандық көлік стратегиясы – мемлекеттер мен аймақтардың техникалық және технологиялық әлеуетін, географиялық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін біріктіретін интеграциялық бұзып жару стратегиясы екенін атай келіп, Түркіменстан бірқатар масштабты жобаларды жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді. Соның бірінен, аймақ үшін маңызды жоба ретінде, Қазақстан – Түркіменстан – Иран темір жолдары мен бүгін ашылып отырған Түркіменстан – Ауғанстан – Тәжікстан темір жолдарын атап өтті. Бұдан бөлек, ел аумағында жүзеге асып жатқан Амудария өзені арқылы өтетін автомобиль және темір жол көліктері көпірі, жаңа әуежай, жүрдек автомагистральдар, Түркіменбасшы қаласындағы халықаралық теңіз порты жобалары көліктік жүйені дамытудағы жемісті жобалар екені аталды.
Алқалы жиында сөз алған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, көлік саласының маңыздылығына басымдық бере отырып, әлемдік сауданың халықаралық қатынастағы автомобиль, темір және су жолдарына тәуелді екенін атап өтті.
«Бұл экономикалық өсім, жұмыс орындарының көзі, көлік саласы адамның тұтастай дамуына ықпал етеді», деген Бас хатшы тұрақты көлікпен байланысты көптеген міндеттердің қатарында экологиялық, яғни атмосфераға көмірқышқыл газы бөлетін қалдықтарды, қоршаған ортаның ластануын қысқартатын көлік құралдарын көптеп пайдалану керектігін, осыған орай, экологиялық қауіпсіз және қолжетімді көлік жүйелері қажет екенін атап өтті. Қазір ауаға ешқандай газ қалдығын бөлмейтін, ластамайтын күн батареяларымен жүретін ұшақтардың да пайда бола бастағанын атай келіп, БҰҰ Бас хатшысы, Тұрақты даму мақсаттарынан құрылған көлік саласын дамыту бағдарламасының жалпы көрінісін сипаттап беретін бірқатар идеяларымен бөлісті.
– Бүгінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, көлік жүйесін дамыту мүмкіндігі бар. Қазір көптеген жаңа электроавтомобильдер шығып жатыр, қуат көзін өндірудің жаңа көздері, тағысын тағы соны технологиялар бар. Әрине, бұларды жетілдіруге инвестиция қажет, сондықтан, қаржыландыру мәселесін шешу керек, ынтымақтастықты нығайту керек, мемлекет пен жеке сектор арасында серіктестік орнату қажет, сондай-ақ, қажетті мамандар дайындау керек. Егер осы бағытта бәріміз күш біріктіріп, ынтымақтастықта жұмыс істесек, қауіпсіз көлік тұрақтылығына қол жеткізе аламыз, оны мейлінше шынайы ете аламыз, – деген Пан Ги Мун, осыдан екі жыл бұрын жоғары деңгейлі консультативтік кеңес құрылып, ол жеке сектор, өнеркәсіп саласын, жергілікті басқару органдары мен орталық үкіметті біріктіргенін мәлімдеді.
– Олар жүк және жолаушы тасымалындағы бүкіл көлік түрінің басын біріктірді. Өткен айда аталған топ тұрақты көлік жүйесі бойынша ұйғарымдарын қоса қорытынды баяндама жасады. Оның мағынасы мынада, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін «жасыл», яғни экологиялық таза көлік түрлеріне мейлінше көп инвестиция құю қажет – дей келе, БҰҰ Бас хатшысы бүгінгі Тұрақты көлік жүйесі бойынша жаһандық конференция, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге негізделген тұрақты көлік саласындағы серіктестіктің нақты бастамаларын ашып көрсетуге, тұрақты көлік жүйелерін әзірлеуге, көп жақты және аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін озық тәжірибелерді іріктеп алудың және елдер арасында тәжірибе алмасудың платформасы болмақ деді.
Жаһандық жиында Қазақстандағы көлік жүйесінің дамуына қатысты сөз өрбіткен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин тұрақты көлікті жасақтау дамушы елдердің маңызды элементі болып табылатынын айтты.
Қазақстан және Орталық Азияның өзге де мемлекеттері үшін тұрақты көлік мәселесі өте маңызды, өйткені, біздің аймақтың әлем мұхиттары мен теңіз жолдарына тіке шығатын мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты Қазақстан, Қытай мен Шығыс Азия елдерін байланыстыратын, сондай-ақ, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропа мен Скандинавия елдеріне шығатын Шығыс-Батыс бағыттары бойынша Еуразия сауда айналымында транс-континентальдық дәліздерді дамытуға басымдық беріп отыр. 2011 жылдан бері осы дәліз бойынша контейнерлік тасымал көлемі 100 есеге өсті. 2020 жылға қарай контейнерлік тасымал деңгейін 1 млн-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Мұнымен қатар Солтүстік-Оңтүстік бағдары бойынша қосымша жүк ағынын тарту әлеуетін де көріп отырмыз. 2020 жылға қарай осы бағдардағы жүк ағыны көлемі 700 мың контейнерге дейін жетеді деп күтілуде. Үстіміздегі жылы біз тұңғыш рет Қытайдан Тегеранға пилоттық контейнерлік пойыздар ұйымдастырдық және тасымалды әрмен қарай өсірудің үлкен әлеуетін көріп отырмыз, – деді Асқар Ұзақбайұлы.
Бірінші вице-премьер тағы бір бағыт – транскаспий бағыты, Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Грузия, Түркия бағытына және Оңтүстік Еуропа елдеріне трафикті дамыту жолға қойылып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттың үлкен келешегі бар, соңғы айларда Қазақстан темір жолының ұйытқы болуымен Қытайдан Стамбулға осы дәліз бойынша темір жол көлігімен контейнерлік тасымал ұйымдастырылған. Ал келешекте, 2020 жылға қарай контейнерлік тасымал көлемін 300 мыңға дейін жеткізу межеленген.
Сауда ағындарын заманауи инфрақұрылыммен және жеткізу құны мен жылдамдығы бойынша сапалы сервиспен жабдықтау, дәлізге қатысушы елдерге жаңа нарықтарды игеруге, транзиттік жүк ағынын тартуға, соның нәтижесінде аймақта әл-ауқатты көтеріп, тұрақты дамуға мүмкіндік береді, – деген Асқар Мамин соңғы алты жылда осы бағытқа 23 млрд доллардан астам қаржы жұмсалып, 2020 жылға дейін тағы да 12 млрд доллар көлемінде қаржы салу көзделіп отырғандарын жеткізді.
Сонымен қатар, Қазақстанның соңғы жылдарда 2500 км жаңа темір жол желісін салғанын, бұл өз кезегінде, Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік және транскаспий бағдарындағы халықаралық көлік дәліздерін оңтайландырғанын, ал еліміздің Қытаймен шекаралас шығыс бөлігінде, еркін экономикалық аймағы құрылып, онда Суэц каналына ұқсас құрғақ порт салынғанын жеткізген Мамин ол еркін экономикалық аймақ аумағында көліктік-логистикалық бизнесті және өндірісті дамыту үшін қолайлы салық жағдайлары жасалып отырғанын айтып кетті.
Қазақстан – Түркіменстан – Иран темір жол желісінің пайдалануға берілуімен Ресейден, Қытайдан, Азия, Тынық мұхиты аймағы елдерінен Парсы шығанағы елдеріне жүк тасымалдау әлеуеті қалыптасты. Қазір біз Бандырабас портында терминальдық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Сонымен қатар Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль дәлізі бойынша құрылыс аяқталуға жақын. Бұл көлік дәлізі Қытайдан Еуропаға жүкті жеткізі мерзімін 3,5 есеге қысқартуға мүмкіндік береді, – деп Қазақстан көлік жүйесі мен инфрақұрылымының даму ахуалымен егжей-тегжейлі таныстырды Асқар Мамин ғаламдық конференция қонақтарын.
Сұлугүл БАКЕСОВА , Астана – Ашхабад
Регионы
29.04.2026
Условный пожар на складе ГСМ потушили за час на станции Оскемен-1
Новости
29.04.2026
Снизилось количество ДТП на железнодорожных переездах
Новости
29.04.2026
Более 18 тысяч граждан оштрафованы за переход железнодорожных путей в неустановленных местах
Новости
28.04.2026
Всемирный день охраны труда отметили в КТЖ
Регионы
28.04.2026
Железнодорожники Усть-Каменогорска провели конкурс-викторину по охране труда
Регионы
28.04.2026
Круглый стол по охране труда прошел в Екибастузской дистанции пути
Регионы
28.04.2026
Всемирный день охраны труда отметили в Карагандинском филиале ВЖДО
Новости
28.04.2026
Семинар по охране труда с участием железнодорожников прошел в Астане
Новости
28.04.2026
Весенний комиссионный осмотр локомотивов стартовал в ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки»
Новости
28.04.2026
Показательное технологическое «окно» по капитальному ремонту ж/д пути проведено на перегоне Астана – Сороковая
Новости / Архив
28.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №32-33 от 28 апреля 2026 года
Новости
27.04.2026
Реализацию ключевых железнодорожных проектов обсудили в области Абай
Новости
27.04.2026
Транспортные полицейские провели акцию «STOP-трафик» в пассажирских поездах
Новости
27.04.2026
Проинспектирован ход строительства железнодорожной линии «Бахты – Аягоз»
Регионы
27.04.2026
Десять железнодорожных вокзалов модернизируют в области Абай
КТЖ в лицах
24.04.2026
Верность профессии, дисциплина и наставничество: история мастера производственного обучения Ташкента Шариева
Регионы
24.04.2026
Уральские железнодорожники собрали 80 кубометров мусора на субботниках
Новости
24.04.2026
Неделя благополучия прошла в Центре диагностики пути
Новости
24.04.2026
KTZ Express и CRCT усиливают сотрудничество по развитию Среднего коридора
Новости
24.04.2026
Более 1577 км железнодорожных путей обновят в 2026 году в Казахстане