Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Тазалық айлығы аясында
1 мин чтения
Сәуірдің он сегізі мен мамырдың 18-і аралығында Шымкент Магистральді желі бөлімшесінде өткен «Тазалық айлығында» 640 дана қауіпсіздік белгілері сырланып, тоқсанға жуық тал-теректер түбі ақталды.
Айлық барысында Шымкент және Арыс жол дистанциялары бойынша жол жиегіндегі қауіпсіздік үшін белгіленген 355,2 шақырым жер бір сүзгіден өтіп, 3500 шаршы метр аумақ тазаланған. Дистанциялықтар 4,9 текше метрге жететін тұрмыстық қалдықтарды шығарыпты. Бұдан бөлек, 3,3 тонна металлолом жиналса, телімдер мен станция жолдарындағы 52 метрге жуықтайтын бордюрлер ақталған. Жылыту бөлмесі, асхана, механикалық цех сынды 42 нысан мен ғимараттың сырты жаңарып, вагоншылар, пойыз құрастырушылардың түстеніп, демалатын 18 қосындары тазартылып, сырланыпты. Осы айлықтан кейін барлық станциядағы Оңтүстік және Солтүстік алқымдағы 18 қылтаның сыртқы келбеті талапқа сай болды. Сондай-ақ, телім бойындағы 218 шақырым мен станциялық жолдардағы 18 шақырым бойы жинақталып, 386 шпал қатталған. Енді күзгі маусымға дейін аймақтағы жолдардың жиегі көз тартатындай болып тұрады.