Алматы – Шу: Президенттік старт!
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Алматы-1 – Шу теміржол желісінде екінші жол құрылысын жүргізген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірінші іске қосу кешенін аяқтады. Телекөпірде Елбасы телімде пойыздар қозғалысын бастауға пәрмен берді.
Индустрияландыру күні аясында өткен Жалпыхалықтық телекөпірде Назарбаев атқарылған жұмысты жоғары бағалады. Елбасы бүгінгі таңда, көліктік бағдарлардың ғаламдық бәсекелестігі жағдайында бұл өте маңызды екенін, шешуші көліктік торап болу үшін Қазақстанда бүгінде барлық қажетті инфрақұрылым қалыптасқанын жеткізді.
–«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша көліктік нысандар біз үшін өте маңызды. Алматы – Шу бағытындығы екінші жол телімде пойыздарды өткізуді екі есеге көбейтеді, біз бұл жобаны баяғыда көздедік, бірақ қаражат болмады. Бүгін, міне жүзеге асырдық! – деді Елбасы көпшілікті маңызды жобаның пайдалануға берілуімен құттықтап.
– «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның «ЖТ Алматы бөлімшесі» филиалының директоры Съезбек Алишев Алматы-1 – Шу теміржол желісінде екінші жол құрылысының бірінші іске қосу кешенін аяқтағанын мәлім етті. Алматыдан Шуға дейін магистраль бойында екінші жол он учаскеде төселген, барлығы 54 км құрайды, су өткізетін құбырлар мен көпірлер сынды жасанды имараттар салынып, стрелка бұрмалары орнатылған, СОБ және байланыс құрылғылары, электр желілері жүргізілген. Құрылыс барысында негізінен қазақстандық материалдар пайдаланылғанын айта кеткен жөн.
–Ең алдымен, Ақтөбе рельсарқалық зауыты шығарған отандық өндірістен шыққан рельстер төселді. Сонымен қатар станциялық жолдар ұзындығын тиімді пайдаланып, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін ең соңғы үлгідегі стрелка бұрмалары орнатылды. Су жаңа, зауыттан шыққан шпалдар салынды, – деп мәлімет берді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті Қайрат Сәуірбаев.
Құрылыс қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды. Теміржолшылар мен құрылысшылардың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» дегендей, асқан ұйымшылдықпен еңбектенуі арқасында жүзеге асқан құрылыс қарқынын алғашқы күннен бастап қадағалап келе жатқан ардагер теміржолшы Қалтай Сәмбетов телімде техникалық «толаскездер» пойыздар қозғалысынан бос кездерде өте сауатты жүргізілгенін, сонымен қатар қарқынды құрылыс жүріп жатқан жолда қозғалыс қауіпсіздігі қатаң сақталғанын айта кетті.
Ардагер талай жыл теміржолшылардың арманы болған маңызды жобаны жүзеге асыру Ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың темір жол көлігінің дамуына тұрақты көңіл бөліп, қолдау білдіріп отыруының арқасы деп бағалайтынын білдірді.
–Тәуелсіз Қазақстаныммен, мемлекет үшін маңызды темір жол көлігіне ұдайы қолдау жасап келе жатқан Ұлт көшбасшысы, Президентіммен мақтанамын. Қазақстанның темір жолы бүгінде аса қуатты, әлемдік көліктік кешеннің алғашқы ондығына кіреді. Бізді әлем таниды және мойындайды, себебі Қазақстан шығысты бастыспен, солтүстікті оңтүстікпен байланыстыратын қуатты көлік дәлізі болып табылады, – деп қуанышымен бөлісті Қалтай Сәмбетұлы.
Салтанатты шараға қатысушылар бірауыздан бағзы заманда осы жерден өткен Ұлы Жібек жолы болат жолдар болып қайта жаңғырғанын мойындады. Және бұл темір табанды болат жолдар заман ағымына сай ұдайы жаңғырып, жаңарып, қуаттылығын арттыра түсуде. Міне, бүгін жүк тасымалының артуына байланысты екінші жол салу қажеттілігі туындап отыр. Шығыстан Еуропа мен Азияға қазақстандық темір жол өткелдері – Алтынкөл және Достық шекаралық станциялары арқылы транзиттік жүктер легі жылдан жылға толассыз ағылып келеді. Контейнерлік пойыздар Германия, Австрия, Испания, Орта Азия, Иран, әрі қарай Парсы шығанағы бағдарымен сапар шегуде.
– Алматы – Шу телімінде жүк және жолаушы тасымалының қозғалысы аса қарқынды. Бір жол көп жағдайда қолайсыздық тудыратын. Енді екінші жолдың пайдалануға берілуімен телімде жүк айналысы 3 есеге дейін артып, соған сай жолдағы уақыт та қысқарады, екі жолда қатар қозғалыс ұйымдастырылады. Жолаушы пойыздарында да солай, екі жолда қатар жүретін болады. «Тальго» пойызының максимальды жылдамдығы 160 км/сағ дейін өссе, жүк пойыздарының жылдамдығы 120 км/сағ дейін артатын болады, – деген Алматы бөлімшесінің бастығы С. Әлішевтің пікірімен жамбылдық әріптесі – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның «ЖК Жамбыл бөлімшесі» филиалының бастығы Берік Ақшалов та қостады.
Екінші жол құрылысымен жол бойындағы жекелеген жол айырықтары қосымша даму мүмкіндігіне ие болмақ. Атап айтқанда, Қазыбек-бек болашақта өте маңызды станцияға айналмақ, Жетіген – Қазыбек-бек айналма жолының жобалық-сметалық құжаты да дайын көрінеді. Бүгінгі құрылыс болашақта осы даму мүмкіндігін ескерген.
Айта кетейік, Алматы – Шу теліміндегі құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бас мердігерлер «Компания Жол жөндеуші» ЖШС мен «Теміржол жөндеу» ЖШС жұмысты бір күн де тоқтатпақ емес.
–Бүгіннен бастап екінші пайдалануға беру кешені бойынша нысандар құрылысын бастаймыз. Жаңа жолмен қозғалыс жүре береді, ал біздің жұмыс бір сәт те тоқтамайды, – деп сендірді «ҚТЖ» ҰК» АҚ күрделі жобаларды жүзеге асыру дирекциясының Алматы-1 – Шу телімінде екінші жол құрылысы бойынша басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов.
Жаңа жолдың барқыттай жұмсақ та жайлылығы мен құрылысшылар жұмысының бағасын алғашқы жүрдек пойыздың машинистері мен жолаушылары да берді. Елбасы пәрменімен ашылған Алматы – Шу телімінің екінші жолымен алғаш сапарға шыққан жүрдек пойыз – талайдан айтылып жүрген, отандық өндірісте жасалған кең шанақты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыз болды. 14 жылдан бері Алматы локомотив пайдалану депосының жоғары класты тәжірибелі машинисі Әсет Құсайынов ерекше вагондардан құралған ерекше пойызды су жаңа жолмен алып жүретініне аса бақытты екенін бал-бұл жанған қуанышты жүзінен байқауға болатын еді.
– Жаңа жол барқыттай жұмсақ, ал онымен жүретін пойыздардың жүрісі қауырсындай жеңіл болсын! – деп тілек тіледі жаңа жолмен Алматыдан Астанаға жол тартқан жүрдек пойызды шығарып салған көпшілік.
Ирина Бектиярова,
Алматы-Шу
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета