Қаңтарда қармен күрес қарқын алды
Арқа өңіріне Жаңа жыл жатырқай кірген кейіп танытты. Желтоқсанның соңғы күндерінен басталып, қаңтардың алғашқы аптасы тынбай үсті-үстіне жауған қар ұйытқыған жел мен боранға ұласты...
Арқаның теміржолшылары «кәрі құданың» қатал мінезінен жақсы хабардар. Сондықтан олардың «бес қаруының» қашанда сақадай сай тұратын әдеті. Бұл жолы да қар тазалауға тайлы-тұяғымен жұмылған теміржолшылар іске ауыр техниканы да қосты. Ірілендірілген Астана жол дистанциясының жолшыларын біз Астана станциясы басындағы 12-ші ауданда қалың қарды аршып жатқан қызу жұмыс үстінде жолықтырдық.
–Қатты боранды күндері рамаларды тығыздалған ауамен үрледік. Үсті-үстіне жауған қар қалың түсті, сол себепті Астана – Жайнақ аралығындағы бүкіл жолшыны осында алдырдық. 96 разъезде жол колоннасы бар, соның жұмыскерлері де бар. Қазір 20 адам жұмыс істеуде. Олар қарды негізгі жолдарға лақтыруда, ал олардың соңынан қар тазалайтын СМ-5 техникасы жүріп отырып, жолды тазалап, үйілген қарды өзіне артуда. Жас машинист Мәжит Мұхаметжанов СМ-5 машинасының тізгінінде, техниканың тілін өте жақсы білетін маман. Бұдан бөлек, СМ-7 деген екі базалы техника бар, соған тепловоз тіркеп, жол шеберлері бастап, жолшылар телімдер бойын қардан тазартып, пойыздар қозғалысына жол ашып жатыр. Боранды күндері жолшылар екі ауысыммен жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, телімдерде жол монтерлері кезекшілікке қойылған. Ең бастысы, біздің тарапымыздан пойыздар қозғалысының кестесі, қауіпсіздігі бұзылған жоқ, – дейді Ірілендірілген Астана жол дистанциясына қарасты 4-ші телім бастығының міндетін атқарушы Әділбек Жетпісов.
Дистанция директоры Жанат Әлжанов алға тартқан деректерге сүйенсек, 1-5 қаңтар аралығында СДПМ қар тазалаушы машинасымен 1733 км жол қардан аршылған. Сонымен қатар УПЧ-17 Астана дистанциясы бойынша СМ-2, СМ-5, СМ-7 техникаларымен 12150 текше метр қар шығарылған. Қардың қалың түскені соншалық, Астана станциясында жолды қардан тазарту үшін екінші кезектегі теміржолшы-қызметкерлерді тартуға тура келіпті. Олардың арасында, вагон пайдалану депосы, Әскерилендірілген күзет қызметі, Астана станциясы, Қырқыншы механикаландырылған жол дистанциясы жұмыскерлері де бар.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета