Жанболаттың олжасы
Новости
10.01.2017, 12:02
Өткен жылдың соңында Павлодарда «Жыл машинисі» сайысы өтіп, әр аймақтан ат терлете барған 30 машинистің білім сайысында бақ сынасқаны белгілі.
Байқау мақсаты – өз кәсібінде жақсы нәтижеге қол жеткізіп, темір жол көлігінің тиімділігін арттырып, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді атсалысып жүрген машинистерді анықтау болды. Байқауға Маңғыстау пайдалану локомотив депосының үшінші сыныпты тепловоз машинисі Жанболат Жолмағанбетов те қатысу құрметіне ие болды.
─ Байқау шарттарына сай ұсынылған тапсырма күрделі болды дей алмаймын. Өйткені, өзімнің күнделікті жұмысымда осындай тапсырмалармен бетпе-бет келетін кездерім болады. Алайда, бір сұрақта бірнеше дұрыс жауаптың кездесуіне аздап шатасқанымды кеш түсіндім, – деді сайыста «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ президенті О.Кулаковтың Алғыс хатымен марапатталған Жанболат Мұңалбайұлы.
Бәрінен де ұтқандары, байқау барысында басқа да өңірлерден келген әріптестерімен танысып, екі күн бойы барлығы бірге болып, қаланың көрікті жерлерін аралағанымыз болды деп санайды маңғыстаулық машинист. «Тап бір машинистер съезінде болғандай әсермен оралдым елге» дейді.
Байқауда тест сұрақтарының нұсқалары компьютерде құрылып, тестілеу аяқталғанда компьютер тесттің нәтижесін автоматты түрде есептеп шығарған. Нәтижесінде 90 балдан жоғары ұпай жинаған Алматы, Семей, Екібастұз, Бурабай курорты, Жамбыл деполарының қызметкерлері финалға өтіп, 15 қараша күні жарысты одан әрі жалғастырған. Қорытынды есепте I орынды Жамбыл, II орынды Семей, III орынды Бурабай курорты локомотив пайдалану деполарының машинистері иемденіп, жүлдегерлерге өтпелі кубок, бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйлықтар табысталыпты. Маңғыстаулық машинист Жанболат осындай ауқымды шараға қатысудың өзі жеңіс, үлкен олжа деп санайды.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой
Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде