Ұлан Ораз, Маңғыстау
Шағын футболдан жарыс
1 мин чтения
Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясы теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында шағын футболдан өзара жарыс ұйымдастырды.
Жыл басынан бергі футболдан екінші бас қосуларының нәтижесінде олар тамыз айының басында өтетін құрылымдық бөлімшелер аралық жарысқа үздік ойыншылар іріктеді. Жарысқа дистанцияның қызмет көрсету аумағындағы телімдер бойынша цехтардан 4 команда қатысты. Атап айтқанда, Өзен – Болашақ телімі бойынша бір команда, Бейнеу – Шетпе телімі бойынша екінші команда, Маңғыстау СОБ бойынша үшінші және байланыс цехы бойынша төртінші команда жасақталып, олар қызықты да тартысты ойын көрсетті. Командаларға аяқ доптан үздік ойыншылардың бірі, мекеме директорының байланыс жөніндегі орынбасары Сағадат Кулшиков қазылық етті. Өзара жарыс көрігін қыздырып, алты ойын ойнаған командалар спорттың бұл түрін жақсы меңгергендіктерін аңғартты. Жарыс қорытындысында бірінші орынды Өзен – Болашақ телімінің футболшылары иеленсе, қалған жүлделі орындарды Бейнеу – Шетпе телімінің және Маңғыстау СОБ цехының ойыншылары бөлісті. Жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.