Тиімділігі теңдессіз бағдарлама

Регионы
11.11.2016, 12:03
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Диірментөбе мен Бесарық станциялары арасындағы 525 шақырымдық аумақтағы темір жол бойындағы 31 бекетке«ҚТЖ –  Жүк тасымалы»АҚ филиалы– «Теміржолсу – Қызылорда» мекемесі қызмет көрсетеді. Бізді соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктермен таныстырған «Теміржолсу – Қызылорда» серіктестігінің директоры Марат Шайжан «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын «Тиімділігі теңдессіз бағдарлама» деп бағалады.  Айтса айтқандай, шарапатты бағдарламаның арқасында серіктестік балансындағы аумақта 88,9 шақырым су құбыр жүйесі жүргізіліп, 37 ауыз су ұңғысы қазылып, 8 жылу қазандығы арқылы 1,35 шақырым жылу жүйесі тартылған екен, сондай-ақ,  12 су айдатын мұнара тұрғызылыпты. Орынбор – Ташкент темір жолы салынғанда пайдалануға берілген, көненің көзіне айналған 28 су қысымды мұнараларының бәрі дерлік қазіргі таңда күрделі және ағымдық жөндеулерден өту нәтижесінде теміржол құрылымдары мен жергілікті тұтынушыларды ауыз сумен қамтамасыз етуде екен. Соңғы жылдары сумен және жылумен жабдықтау саласында көрсетілетін қызмет сапасы қондырғыларды, техникаларды жаңарту мен жаңғырту нәтижесінде  жоғарылай түскен. 2006 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін 36,1 шақырым су құбыр жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жаңарса, 6 ауыз су ұңғысы бұрғыланып, 3 сумен жабдықтау нысанындасуды залалсыздандырып, тұщытатын «Таза су» қондырғысы орнатылған. 2012 жылыҰлттық компанияның  «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын қабылдап, бекітуі, шын мәнінде теңдесі жоқ шарапатты шара болды. Осы бағдарлама шеңберінде «Теміржолсу – Қызылорда» мекемесінің сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, қайта құрастыру және нысандардың негізгі құрал-жабдықтарын жаңарту, су ұңғымасын қазу, қысымды су мұнараларын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына 2012-2016 жылдар аралығында 322911 000 теңге қарастырылып, бұл қаражат толығымен игерілген болатын. Соның арқасында аймақтағы сумен, жылумен қамтамасыз ету сапасыәлдеқайда жақсарып, тұтынушылар қуанышында шек болмады, – дейді кәсіпорын басшысы. Бағдарлама басталғалы атқарылған әр жылғы жұмыстарды саралар болсақ,  2012 жылы Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты 10 кіші бекеттер - яғни №27, 26, 20, 14, 16, 15-бекет, Екпінді, Бақтысай, Майлытоғай және Қараиірім бекеттің 4,1 шақырым су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа су ұңғымасын бұрғылау, ауыз суды тұщыту қондырғылары орнатылып, мекеменің авто-тракторлық паркін жаңарту шаралары жүзеге асыпты.Ал 2013 жылы бағдарлама әрі қарай жалғасын тауып,96 148000 теңгекөлеміндегі қаражат нәтижелі игерілген.  Бөлінген қаржының басым бөлігі мекеме телімдеріндегі 7,420 шақырым ұзындықтағы диаметрі 50-150мм болатын су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары мен автопаркті жаңартуға жұмсалып, Дерментөбе, Қорқыт станциялары мен №26 бекетте үш «Таза су»стационарлық су құрылғысы орнатылған. Осы арада, атап өтерлігі «Таза су» құрылғысы су ұңғымасындағы бастапқы судың сапасын қазіргі заманға сай құрамалы көп сатылы әдістермен механикалық және ион алмасу сүзілуін, кері омосты тазарту арқылы қолданылатын суды химиялық реакциялар әсерінсіз алуға мүмкіндік береді.Ал 2014 жылы 159477000 теңгеқаражатқа Абыла – Жосалы аралығындағы 200 мм диаметрлі қысымды су құбырларына, Жаңақорған станциясында d50-150 мм, 1,053 шақырымдық су құбырына күрделі жөндеу, Қызылорда станциясында жаңа су ұңғысын бұрғылау, мекеме шеберханасы мен көлік қоймаларының шатырын жөндеп, станциядағы су айдау станциясына ауыз суды залалсыздандыру қондырғысын орнату шаралары атқарылыпты. Қызылорда су айдау станциясында ауыз суды хлорлау және залалсыздандыру гипохлорит натрийға көшірілді. Серіктестіктің автокөлік паркі жаңартылды,  бүгінде үш Уаз-фермер автокөлігі, үш ЭО-2621 эксковаторы, бір ЕК-12 эксковаторы, екі ассенизаторлық көлік, ЗИЛ жүк көлігі, КамАЗ кран-манипуляторы, компрессор, дәнекерлеу агрегаты, полиэтиленді құбыр дәнекерлеу аппараты техникалары жұмыс істеуде.  Жалпы жұмысқа қажетті 18 бірлік авто-тракторлы техникаларға тұрақты күтім жасалып, жұмысқа жарамды жағдайда тұр. Барлық жылу қазандықтарда энерго үнемді циркуляциялық сорғылар орнатылып, 14квт/сағ электр энергиясының орнына әрқайсысы 3,2 квт/сағ электр қуатын тұтынатын жағдайға көшірілді. Қолданылатын техникалардың дамытылуына қарай мамандар құрамының білім-тәжірибелері жетілдіріліп, техникалық база жаңарды, – деп атқарылған жұмыстарды саралап өтті М.Шайжан. Оның айтуынша, Шиелі станциясында 1 жылу қазандығы қатты отын түрінен, яғни көмірден  табиғи газға көшірілген. Бұл өз кезегінде отынға жұмсалатын шығынды азайтып қана қоймай, атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін шектей отырып, өңіріміздің экологиялық ахуалына жақсы әсер етуде. Серіктестіктің барлық нысандарында өрт-күзет дабылқаққышы орнатылған. Қосымша ірі нысандар бейне бақылау жүйесімен жабдықталған.Осы жұмыстардың 90 пайызы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында жасалған. Марат Шайжан 2016 жылы «Мөлдір бұлақ» бағдарламасымен Тартоғай станциясында 1,16 шақырым су құбыр жүйесі күрделі жөндеуден өткенін мәлімдеді. басшылығымен және Сыр өңіріндегі серіктестік ұжымының қолтаңбасы жатыр. Алдағы жоспарда қалған жылу қазандықтарын табиғи газға көшіру, автокөліктерге газ қондырғысын орнату, сорғы құралдарын энерго үнемді қондырғылармен ауыстыру және тағы басқа жұмыстар бар екен.

Сабырхан НӘДІРБАЙ, Қызылорда

КТЖ в лицах
24.08.2026
Главу АО «Теміржолсу» Түсіпбек Қойшығұл проводили на пенсию
Новости
24.08.2026
КТЖ расширяет применение Trip Optimizer и Kinetix
Регионы
24.08.2026
Транспортная прокуратура и полиция провели профилактическую встречу с павлодарскими железнодорожниками
Грузовые перевозки
24.08.2026
Объем грузовых перевозок за 7 месяцев достиг 184,4 млн тонн
Новости
24.08.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» – «Ақмола» победило в конкурсе «Үздік теміржол ұжымы»
Регионы
24.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели профилактическую акцию в детском спортивном клубе
Регионы
23.08.2026
Ж/д вокзал Актобе открылся после реконструкции
Регионы
23.08.2026
Реконструкция вокзала Тобол завершена в Костанайской области
Регионы
21.08.2026
Будущие водители увидели железную дорогу из кабины локомотива на станции Арыс
Пассажирские перевозки
21.08.2026
Пассажирский поезд «Нурлы жол – Аркалык» продолжит курсировать до конца года
Новости
21.08.2026
Рука помощи: ребенок из семьи железнодорожников нуждается в курсе платной реабилитации
Инфраструктура
21.08.2026
Очередной этап модернизации завершен на железнодорожном участке Кандыагаш – Тобол
Регионы
21.08.2026
Вокзалы Акмолинской области меняют облик
Инфраструктура
21.08.2026
Двухпутное движение запущено на перегоне Жетыген – Курозек
Новости
21.08.2026
Казахстанско-китайское взаимодействие в транспортно-логистической сфере обсудили в Kazlogistics
Новости / Архив
21.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №66 от 21 августа 2026 года
Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой