Төрағалар бас қосты
Ағымдағы айдың 9-14 аралығында Бурабай курорты баурайындағы Сәкен Сейфуллин шипажайында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ардагерлер кеңесінің жиыны өтіп, оның басты қонағы – Қазақстан Республикасы Ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Өмірзақ Озғанбаев болды.
Теміржолшы-ардагерлер кеңесінің алғашқы күні күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Дүйсемалиев 2015 жылдың тамызынан биылғы жылдың есепті мерзімі аралығында аталған Кеңес тарапынан атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша 44 мыңға жуық зейнеткер болса, соның ішінде 222 соғыс ардагері, 5 мыңнан астамы тыл ардагері, 1160 Құрметті теміржолшы бар екен. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Дүйсемалиев зейнеткер теміржолшыларға Ұжымдық шартқа сәйкес қарастырылып отырған әлеуметтік пакет және көрсетіліп жатқан материалдық көмектерге тоқталды.
Ал кеңеске арнайы келген мейман Өмірзақ Озғанбайұлы, республикалық ардагерлер кеңесінің аймақтарда атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар етсе, кеңеске қатысушыларды ұлттық компанияда трансформациялау бағдарламасы шеңберінде болып жатқан өзгерістермен, салалық кәсіподақ қызметімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев таныстырды. Ол трансформациялау бағдарламасы шеңберінде құрылымдық өзгерістер болып жатқанымен, еңбеккерлердің жұмыстан босатылуы белең алмағанын атап өтті. Бұдан кейін, аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесінің жұмысына Семей филиалы аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейітов, Алматы филиалы атынан кеңес төрағасы Бейсен Шормақов тоқталды. Екінші күні өткен кеңес жұмысында оралдық филиал төрағасы Ақназар Кәрібаевқа, қостанайлық аймақтық ардагерлер кеңесі төрағасы Виктор Бурцевке, жамбылдық кеңес төрағасы Сағымбев Ақшаловқа сөз беріліп, олар да кеңес тарапынан жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Мұндай басқосудың маңызы зор екенін, осындай диалог алаңы іспеттес есеп беру, кеңес құру жиналысында келешекте іске асыру қажет деп табылатын шаралар түзіліп, шешімдер қабылданатынын бір ауыздан атап өтті жиынға қатысушылар.
«Қариялы ел – қазыналы ел» деп үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді қанына сіңірген қазақ халқының дәстүрімен Сәкен Сейфуллин атындағы санаторий басшылығы кешке Ардагерлер кеңесінің мәжілісіне қатысушыларға арнап қонақасы берді. Сонымен қатар, ардагерлер бос уақыттарында ем-дом процедураларынан өтіп, Бурабай баурайын тамашалауға да үлгерді, Көлік қызметкерлері күніне арналған спорттық шараларға да қатысып, шахмат, шашка, бильярд ойнап, суда жүзуден бақ сынасты.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар