Спорт күнін өткізді
Еліміз бойынша жыл сайын тамыз айында спорт күні атап өтілетіні белгілі. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда бөлімшесінде «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» тақырыбында үстел теннисі, шахмат, дартс, ерлер арасында кір тасын көтеру секілді спорттың төрт түрінен жарыс өтті.
Бөлімшенің 8 бөлімінен 20-ға жуық теміржолшы қатысқан спорттық сайыстар тосынсыйға толы тартысты да қызықты өткені сонша, бұрын-соңды танылмаған талай теміржолшының бағын ашты. Ойшылдар ойыны шахмат сайысында ең мықты деген шахматшылар өзара сынға түсіп, бұрыннан бері жеңіс туын қолдан бермей келе жатқан кәнігі шахматшыларды жастардың ығыстырып шығарған сәттеріне куә болды көпшілік. Нәтижесінде НЖС-10 мекемесінің жетекші есепшісі Н. Нұрмұратова «Үздік шахматшы» номинациясын жеңіп алды.
Бұдан кейінгі кезекте үстел теннисінен сайыс өтті. Бұл жарыста НЖС-10 экономисі А. Даулетбаева мен ЛОИС инженері М. Быдықбаева «Үздік теннисші» жүлдесін еншілесе, кір тасын көтеруден НОД-10 автокөлік жүргізушісі А. Дүзелбаев үздік деп танылды. Көздеу бойынша НЖС-10 хатшысы А. Тұрсын «Үздік мерген» атанды.
Қызылорда бөлімшесінің дене тәрбиесі және спорт бөлімінің аға нұсқаушысы Бақытжан Имбергенов «Қазақстан темір жолы» компаниясы спорттық сауықтыру шараларын өткізуді үнемі қолдап келетінін сөз етті. Жыл сайын мерекелік күндері дәстүрлі түрде бөлімше бойынша әртүрлі спорттық іс шаралар өткізіліп отырғанын және жақында ғана өткен облыс әкімінің жүлдесіне арналған спартакиадада «Теміржол» командасы шахматтан II орынды, үстел теннисі мен волейболдан III орынды жеңіп алғанын айтып, аймақ теміржолшыларының спотттық бәсекелерде жүлделі орындардан көрініп жүргендігін білдірді.
Жарысты ұйымдастыруға мұрындық болған «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева спорттың адам денсаулығын нығайтумен қатар ойлау қабілетін арттыруға қызмет ететінін айтып, сала қызметкерлерін салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жеңімпаздарға «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының алғыс хаты мен кубоктар табыстады.
Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Қызылорда
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар