Шоқпар мұнарасында күрделі жөндеу   

Социум
02.09.2016, 18:13
Ұлттық компанияның «Мөлдір бұлақ» бағдарламасының шарапатын шалғай жатқан станция тұрғындары молынан көруде. Мысалы, Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты Шоқпар станциясындағы су қысымды мұнарасы қалпына келтіріліп, құрылғыларды жаңарту жұмыстары жүргізілді.   Өткен аптада «Теміржолсу» АҚ вице-президенті Ермек Искаков, ЖТ Жамбыл бөлімшесінің бас инженері Асылхан Тайлақбаев және Шу ауданы әкімінің орынбасары  Әлихан Балқыбеков станция басындағы су мұнарасында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, теміржолшылармен кездесті. – Мұнда жұмыстарды «Теміржолсу-Шу» серіктестігінің жұмысшылары жүргізуде. Шоқпар станциясындағы су құбыры мұнарасы өткен ғасырдың басында, 1938 жылы бой көтерген екен. Арада сексен жылдай уақыт өткендіктен мұндағы құрылғылар тозып, өз мерзімін өтеп бітті. Оның ішінде мұнара ішіндегі төрт су сыйымдылық ыдыстары да әбден тозды. Соның нәтижесінде станция тұрғындарына ауыз су тек уақытпен ғана беріліп келді. Жалпы «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің бастамасымен қолға алынған «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін 5,3 млрд теңгеге жұмыс жасалды. Қазақстан аумағында 392 станцияда 679 нысанда жұмыс жүргізілді. Сондай ауқымды жобаның бірі – осы Шоқпар станциясындағы нысандағы жұмыс алдағы он күннің ішінде толық аяқталады. Осы станциядан екі км қашықтықта құдық, скважина бар. Құдықтан су осы мұнараға келеді. Мұнарадан тазартылып, ауылға барады. Ағымдағы жылы Шоқпар бекетіндегі су мен жабдықтау  нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге  52,6 млн теңге бөлінді. Көп құрылғылар жаңартылды. Енді осы мұнарада тұрған 80 кубтық сыйымдылыққа су жиналады. Жиналған су станция тұрғындарын тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз ете алады. Орта есеппен алғанда мұнда тәулігіне 60 куб су алынады екен, – деп мәлімет берді «Теміржолсу» АҚ вице-президенті Ермек Искаков. Қоғам өкілінің айтуынша, Шоқпардағы мұнараның өз ерекшелігі бар екен. Қазақстанда, оның ішінде ұлттық компанияның балансында 149 су мұнарасы  болса, оның  31 мұнарасы патша заманында  салынған. 46 мұнара Кеңес Үкіметі тұсында бой көтерген. Ал бұл  мұнара 1938 жылы салыныпты.  Сексен жыл бойы тұрған мұнара жоғарыда аталған бағдарламаның, бөлінген қаржының арқасында мүлдем қайта жаңғыртылған.  Толық күрделі жөндеуден өткен.  Сондай-ақ, жұмыстар барысында станция аумағында екі шақырымнан астам су құбырлары ауыстырылыпты. Және станциядағы жеті үйге қосымша су құбырлары тартылып берілген. Алдағы уақытта тағы да үйлерге қосымша су тартылатын болады. Алдағы уақытта ауыз суға деген сұраныс артатын болса, осы мұнараның ішінде тағы да қосымша сыйымдылықтар қоятын да мүмкіндік бар екен.  –Тағы бір ерекшелігі мұндай мұнара Қазақстанда жалғыз. Бұрындары Кеңес Үкіметінен мұра болып келген технологияның бірі – суды хлормен тазалайтын. Ал бүгінгі күні бұл технология мүлдем жаңартылып, ультра-сәулелі тазартқыш құрылғылар орнатылды. Мұнараның ішіндегі босаған бұрыштан, жұмысшыларға жұмыс бөлмесін және санитарлық-гигиеналық бөлмелерін жасап береміз. Жалпы, Шоқпар станциясы орналасқан аумақта ауа райы өте қолайсыз. Мұнда жел көп тұрады. Мына биік ғимараттағы жұмыстарды жүргізгенде, әсіресе шатырын жауып, жоғарыдағы терезелерін салуда ауа райымен санасуымыз керек болды. Алдымен ойлағанымыз жұмысшылардың қауіпсіздігі. Қазір станция тұрғындарына ауыз су тұрақты түрде беріліп тұр. Бір айта кететін жаңалық, қаржылық дағдарысқа байланысты «Теміржолсу» АҚ ағымдағы жылы бөлінген 350 миллион теңгені өз қаражатынан бөліп отыр. Өйткені, «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын тоқтатуға болмайды, – деді Ермек Қабышұлы.    Бүгінде нысанда абаттандыру шаралары қолға мықтап алынған. Су мұнарасының қасбеті толығымен жөндеуден өтіп, станцияға өзінше бір сән беріп те тұр. Серіктестік директоры Бауыржан Көкірекбаевтың айтуынша нысандағы жұмыстың мерзімі төрт айға жоспарланғанымен, ол мерзімінен бұрын беріледі екен.   Жұмыстың барысын станция тұрғындары көріп, бақылап отыр. Дегенмен, ауқымды жұмыстың біразы жасалды.   – Шоқпар станциясы тұрғындарының дені – теміржолшылар. Соңғы жылдары ұлттық компания тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға куә болып отырсыздар. Атап кеткен «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы ел игілігіне қызмет етуде.  Көктемгі және күзгі комиссиялық байқауларда осындай шалғай жатқан станция тұрғындары  негізінен  ауыз су мәселесін жиі көтереді. Сондықтан, бүгінгі күні Шоқпар станциясының тұрғындары үшін әлеуметтік бір мәселе шешілді ғой деп ойлаймын, – деді өз кезегінде «ҚТЖ» ЖТ» АҚ-ы филиалы – ЖТ Жамбыл бөлімшесінің бас инженері.    Шу ауданы әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков те «ҚТЖ» компаниясының «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында Шу өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында аудандағы 35 елді мекеннің бірқатары таза ауыз сумен қамтамасыз етілгенін тілге тиек еткен аудан өкілі  «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы темір жол бойындағы халықты сапалы ауыз суға кенелткен шарапатты жоба деп баға  берді.    Айта кетейік, «Теміржолсу-Шу» ЖШС бес жыл  аралығында «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бойынша 14 станцияның 64  нысанында 401 млн теңгеге жұмыс атқарған, оның ішінде 66 млн теңгеге ЖШС-ның меншікті қаражатынан  жүргізген.  

Ерман Әбдиев, Шоқпар

Новости
06.02.2026
О соблюдении правил поведения вблизи железной дороги напоминают в Акмолинском регионе
Регионы
06.02.2026
Объёмы погрузки по итогам года увеличены в Оскеменском регионе
Регионы
06.02.2026
РЦУП-2 Алматы: четыре года устойчивого развития
Новости
06.02.2026
КТЖ усилило восстановительные поезда современной специализированной техникой
Новости
06.02.2026
Транзитный потенциал Khorgos Gateway увеличился в 2025 году
Новости / Архив
06.02.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №9 от 06 февраля 2026 года
Регионы
05.02.2026
Меры безопасности на железнодорожных переездах усилили в Оскеменском регионе
КТЖ в лицах
05.02.2026
Человек, у которого учатся: путь осмотрщика вагонов Марата Кутпаева
Регионы
05.02.2026
Происшествия и систему охраны труда обсудили на станции Акадыр
Регионы
05.02.2026
Павлодарские железнодорожники подвели итоги месячников по охране труда
Новости
05.02.2026
Казахстан и Пакистан подписали документы о сотрудничестве в транспорте и логистике
Новости
04.02.2026
Казахстан и Пакистан договорились о развитии мультимодальных перевозок в направлении Север-Юг
Грузовые перевозки
04.02.2026
Казахстан экспортировал 5,8 млн тонн зерна нового урожая
Регионы
04.02.2026
Илецкие железнодорожники вывезли более 28 тыс. кубометров снега
Регионы
04.02.2026
Вторую очередь снегоборьбы провели на станции Оскемен-1
Пассажирские перевозки
04.02.2026
Новую услугу сопровождения пассажиров с инвалидностью внедрили на вокзалах
Новости
03.02.2026
КТЖ поддерживает конституционное закрепление приоритета человека
Регионы
03.02.2026
Комплекс работ по обновлению устройств выполнен в Уштобинской дистанции сигнализации и связи
Новости
03.02.2026
Через базу Ляньюньгана перевезено более 5 млн тонн грузов
Новости
03.02.2026
Казахстан предложил Вьетнаму активнее использовать логистические возможности ТМТМ