Көпір пайдалануға берілді 

Социум
06.09.2016, 16:44
Шымкентте темір жол үстінен өтетін көпірдің бір бөлігі ашылды.  Яғни станцияның 23 жолымен түйісетін Қапал батыр көшесіндегі автокөлік өткелінің екі жолақты бөлігі пайдалануға берілді. Жалпы  құны 1 млрд 142 млн теңгеге бағаланған аталған көпірдің осы  бөлігіндегі құрылыс 95 пайызға аяқталған.  Қазіргі таңда құрылысқа жұмсалатын қаржының 689 млн теңгесі игерілген. Бір бөлігін болса да ашу халықтың сұранысынан кейін қолға алынған. Себебі, екі ортада күн ұзақ жаяу жүріп қатынаған жұртшылық қиналғанын биліктегілерге жеткізген екен.   Өткелдегі күрделі жөнделген аумақтың ұзындығы 170 метр болса, кіре беріс ұзындығы 253 метрді құрайды. Себебі жобаға сай көпір екі есе ұзарған.  – Автожол өткелі темір жолымен қиылысқандықтан, жөндеуге теміржолшылармен келісіп жиі толаскез алып тұрдық. Бұл көпірдің ұзақ уақыт қалпына келуінің бір сыры осында. Ал салынған асфальттың жабындысы үш қабатты болды. Астыңғысы  12 см, екіншісі 10, үшіншісі 6 см. Көпірдің үстіне 7 см асфальт-бетон түсті.  Екі жолақты екінші бөлікті қарашада тапсырамыз, – дейді «Береке А» корпорациясының бас инженері  Тәңірберген Сүлейменов. 2014 жылдың күзінде басталған құрылыс жұмыстары толығымен қарашада бітпек. Соңғы жылдары тәулігіне 30 мың түрлі көлікті өткізіп тұрған көпірдің мүмкіндігі ендігі жерде бұдан да жоғары болмақ. Жаңа жобадағы өткелдің  1,5 метрі жаяу жүргіншілерге арналған. Сондай-ақ, екі жағы екі метрлік биік темір шарбақтармен қоршалған.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Регионы
17.07.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Жаксы
Новости
17.07.2026
КТЖ проводит республиканские акции по безопасности на железной дороге
Новости
17.07.2026
АО «Қазтеміртранс» приобретет 13 тысяч грузовых вагонов до 2032 года
Пассажирские перевозки
17.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» получило сертификаты по четырём стандартам ISO
Интервью
17.07.2026
Порт Курык раскрывает свой потенциал как ключевое звено ТМТМ
Новости
17.07.2026
Правительство определило ключевые задачи по развитию ж/д инфраструктуры Казахстана
Новости / Архив
17.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №54 от 17 июля 2026 года
Новости
16.07.2026
Руководство Дирекции магистральной сети оценило ход реконструкции вокзала в Аркалыке
Новости
16.07.2026
Пожарные поезда КТЖ участвовали в ликвидации степных пожаров в Акмолинской и Павлодарской областях
Пассажирские перевозки
16.07.2026
Нацперевозчик запускает пассажирский поезд Нурлы жол – Аркалык
Грузовые перевозки
16.07.2026
Грузооборот между Казахстаном и Китаем вырос на 9% за полгода
Новости
16.07.2026
Представители КТЖ приняли участие в церемонии вручения дипломов выпускникам ALT University
Новости
16.07.2026
Встреча руководства с молодыми сотрудниками прошла в Дирекции перевозочного процесса
Новости
15.07.2026
Руководство КТЖ провело серию двусторонних встреч с китайскими партнерами на бизнес-форуме в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ подписало пакет соглашений с китайскими партнерами в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ внедрило цифровую автоблокировку на 1 056 км железнодорожных линий
Регионы
15.07.2026
Условный пожар потушили в Карагандинском вагонном эксплуатационном депо
Регионы
15.07.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило плановые показатели за первое полугодие
Регионы
14.07.2026
Железнодорожники провели профилактическую лекцию по безопасности на ж/д переездах в Костанае
Пассажирские перевозки
14.07.2026
Об обеспечении санитарной безопасности в поездах рассказали в АО «Пассажирские перевозки»