«Тастанды» пойыздар «жыры» таусылар емес...
Социум
07.10.2016, 10:27
«ӘТЖК»АҚ Шымкент филиалының 1132 күзетшісі Сарыағаш пен Сексеуіл арасындағы 1561 шақырымдағы теміржол бойын күзетеді. Бұл аралықта 88 станция, 112 разъезд, 149 тұйық жол, 4 темір жол көпірі орналасқан. Он бес атқыштар командасының төртеуі көпірлерге бекітілсе, 11-і құрамадағы жүкті ілесіп күзетеді.
Сексеннен аса станцияның 15-і Арыс, Қазалы, Шымкент сынды ірі тораптар. Мәселен, бір ғана Арыс станциясының қызмет атқару аймағына Қалаш, Ақдала, Монтайтас, Шығанақ, Майқұдық, Талдықұдық бекеттері кіреді. Осы шағын станциялардан шыққан вагонның қауіпсіздігі күзетшілердің назарында. Былтыр ашылған 271 шақырымдық Қоскөл – Сексеуіл арасында 4 станция 10 разъезд орналасқан. Сексеуіл, Сарыағаш, Түлкібас, Қоскөл бұл филиалдың шекаралық түйіспе бекеттеріне жатады. Соның ішінде Сарыағаш атқыштар командасы мемлекетаралық станция болғандықтан, олардың жүк қабылдау жұмысы күрделірек.
– Бүгінде ұлттық компания бойынша біріктірілу үдерісі жүруде. «Шымкент ЖТ» филиалы станциялардың парктерін күзетуді біздің міндетке жүктеген. Бірақ жылдың соңына дейін белгіленген қаржыны өтей алмай, күзетшілерді қысқартуға әрекет жасауда. Сондықтан, өзгерістің бірі алдағы уақытта бізге де келіп қалар. Күзет саласындағы жұмыс жүйелі жүруде, тек тастанды пойыздардың өзектілігі әлі маңызын жоймады. Дегенмен, былтырғымен салыстырғанда бұл жылы азайған. Тастанды пойыздар негізінен қараша, желтоқсан, қаңтар айларында көбейеді. Барлық мәселе Өзбекстан жағында. Себебі, өзбектердің 35 тепловозы біздің Сарыағаш бекетінде қызмет жасайтындықтан, олар жаңағы айларда ТО1,ТО2 деполарында жөндеу жүргізеді. Уақытында келіп, вагондарды алып кетпеген соң, көбейе береді. Өзбекстан аумағыннан өтіп, Түрікменстан мен Тәжіктерге кететін және Қырғызстанның Жалалабад, Ош облыстарына өтетін пойыздардың барлығы Сарыағаш арқылы барады. Осы жерден өзбек шекарасы қабылдамай қойған соң, қаңтарылып тұрып қалады. Сарыағашта, Арыста, Түркістанда дегендей. Дарбазада мүмкіндігіне қарай 5-6 пойыз, Жылға мен Шеңгелдіде 10 пойыз, Талдықұдықта да біршамасы аялдайды. Қабылдамаған сайын пойыздар Шымкентке қарай созыла береді. Тіпті, Түлкібаста, Жамбылда, Шуда да осы Орта Азияға баратын пойыздар шекара босамағанша қосымша жолдарда күтіп тұрады,- дейді аталған филиалдағы әскерилендірілген күзет қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әбдіразақ Марқабай.
Жезқазан – Бейнеу жолындағы Қоскөл – Сексеуіл бағыты әзірге бір жолдық болғандықтан, күніне 10-15 пойыз жүреді екен. Қарсы келген пойыз өтіп кеткенше, келесі пойыз басқа станцияда күтіп тұрады. Оның үстіне жылдамдық сағатына 35-40 шақырымнан аспауда. Бірақ осы жаздан бастап 40 тонналық контейнерлердің тасымалдануына байланысты, оларды тез жіберу үшін жылдамдықты сағатына 40-50 шақырымға жеткізіпті. Сексеуіл – Қоскөл аралығын бақылайтын екі күзетші Қарағанда филиалына қарасты Жезқазған атқыштар командасындағы әріптестерінен Қарағандыдан Шымкент филиалына өтетін құрамаларды қабылдап алады. Ғимараттар енді салынып жатқандықтан, олар әзірге вагонды мекен етеді екен. Себебі, аймаққа бағдаршамдар енді құрылып жатқан көрінеді.
Филиалдағы 15 атқыштар командасы 1561 шақырымды 32 қызметтік көлікпен жүріп бақылайды. Соның ескірген екеуі Өскеменде құрастырылған «Нива» автокөлігімен жаңаланыпты. Шымкент, Арыс, Қазалы сынды үлкен станциялар екі көлікпен қамтылған. Жекеменшік автокөліктерге қызметтік қарумен отыруға болмайтындықтан, жігіттер қаруларды тек осы көлікпен алып жүреді.
– Ұлттық компаниядағы өзгерістерге байланысты жүк тасымалын ілесіп күзету 80 пайызға орындалуда. Енді жалпы ортақ жұмыс жүйеленсе, бұл жұмысты 100 пайызға жеткіземіз. Жүкті қауіпсіз тасымалдау басты міндет болғандықтан, аймақтардағы ЖІІБ тәртіп сақшылармен, көлік прокуратурасымен бірлесіп, шұғыл профилактикалық жаттығу шараларын жоспарға сай орындап келеміз. Кейде, шұғыл оқиғаларға байланысты, жоспардан тыс жаттығулар болады. Яғни, ұрылардың жолын кесу үшін, антитеррорлық, сепаратистік оқиғаларға қарсы ұйымдасқан іс-шаралар өтеді. Сол үшін аймақтағы вокзалдарда күзетшілер санын көбейту мәселесін көтердік. Шымкент вокзалының өзінде ауысымға екі күзетші түседі. Ал, қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін, күзетшілер саны алтаудан онға жету керек. Себебі, біздегі вокзалдар бейнебақылаумен қамтылмаған. Күзетшілер ЖІІБ тәртіп сақшылармен бірге жұмыс істегенде вокзал аумағын толық байқап, жолаушылар мен бөге адамдарды арнайы тексеріп өткізгенде ғана, қауіп сейілмек. Бұл Арыс, Түркістан, Қазалы сынды үлкен бекеттерге де қатысты. Егер бейнебақылау жақын уақытта қойылмаса, аталған станциялардың бәрінде күзет қызметі күшейтіледі, – дейді Әбдіразақ Асқарбайұлы.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Суретті түсірген автор
Регионы
17.07.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Жаксы
Новости
17.07.2026
КТЖ проводит республиканские акции по безопасности на железной дороге
Новости
17.07.2026
АО «Қазтеміртранс» приобретет 13 тысяч грузовых вагонов до 2032 года
Пассажирские перевозки
17.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» получило сертификаты по четырём стандартам ISO
Интервью
17.07.2026
Порт Курык раскрывает свой потенциал как ключевое звено ТМТМ
Новости
17.07.2026
Правительство определило ключевые задачи по развитию ж/д инфраструктуры Казахстана
Новости / Архив
17.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №54 от 17 июля 2026 года
Новости
16.07.2026
Руководство Дирекции магистральной сети оценило ход реконструкции вокзала в Аркалыке
Новости
16.07.2026
Пожарные поезда КТЖ участвовали в ликвидации степных пожаров в Акмолинской и Павлодарской областях
Пассажирские перевозки
16.07.2026
Нацперевозчик запускает пассажирский поезд Нурлы жол – Аркалык
Грузовые перевозки
16.07.2026
Грузооборот между Казахстаном и Китаем вырос на 9% за полгода
Новости
16.07.2026
Представители КТЖ приняли участие в церемонии вручения дипломов выпускникам ALT University
Новости
16.07.2026
Встреча руководства с молодыми сотрудниками прошла в Дирекции перевозочного процесса
Новости
15.07.2026
Руководство КТЖ провело серию двусторонних встреч с китайскими партнерами на бизнес-форуме в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ подписало пакет соглашений с китайскими партнерами в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ внедрило цифровую автоблокировку на 1 056 км железнодорожных линий
Регионы
15.07.2026
Условный пожар потушили в Карагандинском вагонном эксплуатационном депо
Регионы
15.07.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило плановые показатели за первое полугодие
Регионы
14.07.2026
Железнодорожники провели профилактическую лекцию по безопасности на ж/д переездах в Костанае
Пассажирские перевозки
14.07.2026
Об обеспечении санитарной безопасности в поездах рассказали в АО «Пассажирские перевозки»