ҚТЖ Маңғыстау облысына 840 астам вагон шөп жеткізді
Оқуға 1 мин
Ағымдағы жылдың шілде – қазанында және қарашаның 24 күнінде ҚТЖ "ҰК" АҚ еліміздің құрғақшылықтан зардап шеккен батыс өңірлеріне 848 вагон сығымдалған шөп жеткізіп берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Оның ішінде маусымда - 21 вагон, шілдеде – 153 вагон, тамызда - 207 вагон, қыркүйекте - 194 вагон, қазанда-261 вагон және қарашаның 24 күнінде-4 вагон. Қараша айында барлығы 177 вагон тасымалдау жоспарлануда.
Жүк Атбасар, Арқалық, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Түрксіб, Шымкент және басқа станциялардан жөнелтілді. Жеткізілген жерлері -Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және басқа да станциялар. Шөптің негізгі бөлігі "Қазтеміртранс" АҚ меншігіндегі вагондарға тиелді.