Қытай жерінде тұрып қалған контейнерлер елге жеткізіле бастады

Жүк тасымалы
19.04.2022, 09:05
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Былтырдан бері Қытай аумағында тұрып қалған 1300-ге жуық контейнер Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай бизнесмендердің келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес басқа елдерге бет алады деп хабарлайды ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Қазіргі кезде Қытай 45 контейнерді Ляньюньган портынан шығару жөніндегі жоспарға қосты, тағы 96 контейнер Қазақстан шекарасына жол тартты. «Subaru Kazakhstan» ЖШС контейнерлері Қытай аумағында 5 ай бойы тұрып қалған. Жақын күндері контейнерлердің алды Қазақстанға жетті. Жүктің кешігуі компания үшін қосымша шығын болды.

Ұлттық палата осы тұрып қалған жүктер туралы деректерді 2021-2022 жылдар аралығында салалық ведомстволар мен «Қазақстан темір жолы» компаниясына хабарлаған.

«Қазір біз оң динамиканы байқап отырмыз. Ұлттық палата 1342 контейнер туралы деректермен тағы бір тізімді жіберді. Ол – тұрып қалу мерзімі тым ұзарып кеткен контейнерлер тізімі. Шекарада 1-ден 4-ке дейін контейнері бар шағын және орта бизнес субъектілерінің жүктері 6-7 айдан астам уақыт тұрып қалған. Бүгін, міне, бұл тізім бойынша алға жылжуды көріп отырмыз», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

2022 жылы Үкіметпен бірлесіп, контейнерлерді жөнелтуді жеделдету механизмі әзірленді. Кәсіпкерлер палатасы тұрып қалған контейнерлер туралы деректерді ҚТЖ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Сыртқы істер министрлігіне жіберді. Мемлекеттік органдар Қытай тарапымен қозғалыс жоспарына Қазақстан контейнерлерін енгізу мүмкіндігін нақты пысықтап жатыр.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл