2022 жылдың жеті айында экспорттық қатынаста контейнерлерге тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60%-ке артып, 1,9 млн тоннадан асты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Контейнерлерде қара металл прокатын тасымалдау 12 есе, астық – 4,1 есе, кебек пен ұн қалдықтарын – 6 есе өсті.  

Биыл контейнерлермен 10 мың тонна тас көмір тасымалданды. Мұнай коксын, шойынды және құрама жемді тасымалдау жүзеге асырылады. Бұрын мұндай жүктер контейнерлерде тасымалданбаған.

Барлық қатынас түрлеріндегі теміржол көлігімен тасымалданған контейнерлер көлемі 1 млн 53 мың ЖФЭ болды. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ке жоғары. Оның ішінде транзит 623,6 мың ЖФЭ болды.