Семейде көмір жеткізу үздіксіз жүріп жатыр

Жүк тасымалы
13.09.2022, 11:44
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей жүк тасымалы бөлімшесі үшін негізгі міндеттердің бірі көмір тасымалын кедергісіз жүргізу, Абай облысы бойынша қатты отын тапшылығына жол бермеу болып отыр. Бұл орайда өткен маусым айында мүдделі кәсіпорындарға көмір жеткізудің ай сайынғы жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар қолға алынған.

Міне, осылайша өңірдегі барлық кәсіпорындармен шарт жасалып, жыл бойы көмір жөнелту көлемі анықталды. Кестеге сәйкес, шілде айында екі облыстың кәсіпорындары мен энергиямен жабдықтаушы компаниялары үшін 256 мың тонна, тамызда – 306,78 мың, қыркүйекте 358,143 мың тонна жөнелту жоспарланып, толықтай жүзеге асырылуда. Ал алдағы жоспар бойынша: 436,535 мың тонна – қазанда, 458,528 мың тонна – қарашада және 486,046 мың тонна көмір желтоқсан айында тасымалданатын болады.  

Жыл соңына дейін тек бір облыс бойынша ғана тұрғын үй секторын, өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдарды жылыту үшін 2,532 млн тонна көмір жөнелтілуі тиіс. Алайда, жоспарға өзгерістер де енгізілуі мүмкін. Мәселен, өткен жылы жүк тиеуге қатысты шиеленіскен жағдай орын алған. Тамыздан қарашаға дейінгі аралықта көмір жеткізуге өтінім саны күрт өскен.  

Биыл Семей ЖТ бөлімшесі «Қаражыра» АҚ-мен бірлесіп көмір өндірудің жылдық көлемін 9,7 млн тоннаға дейін ұлғайту міндетін алға қойып отыр. Көрсеткіш көлемі 2018 жылдан бастап ұдайы өсу үстінде.  

Қазіргі күні Дегелең станциясынан тәулігіне 248 вагон болатын 3-4 пойыз жасақталуда. Ал көмір тасымалы шегіне жеткен қазан қараша айларында теміржолшылар тәулігіне 450-490 вагоннан тұратын 6 немесе 7 жылжымалы құрам жолға шығара алады. Дәл қазіргі таңда вагон тапшылығы сезіліп отырған жоқ.  

Бөлімшенің логистика және жүк тасымалы бөлімі қызметкерлерінің мәліметінше, Абай облысының көмірге деген сұранысы халық үшін 562,2 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда 375,0 мың тонна көмір жеткізілген. Облыстық әкімдікпен күн сайын аймақтағы көмір жеткізілімдеріне мониторинг жүргізіледі, деректер «Қаражыра» АҚ және халық үшін көмір өткізетін ұйымдармен салыстырылады.  

Мұның барлығы көмір тұйықтарында дүрбелең тудырмас үшін жасалуда. Әйтсе де, күннің суытуына байланысты соңғы күндері көмірге кезек көбейген. Қазіргі уақытта барлық тұйықтарда көмір бар.  

Абай облысы бойынша көмірді бөлшек саудада өткізетін 20 орын бар екен, оның ішінде төртеуі Семей қаласында. Осы тұйықтардағы орташа сату бағасы Семей қаласында тоннасына 10 200-10 500 теңгені құрайды және облыс аудандарының қашықтығына байланысты тоннасына 9 700-ден 23 000 теңгеге дейін түрленуде.  

Сонымен қатар, аймақта көмір тапшылығының алдын алу мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Kaspi bank» АҚ көмірді Kaspi.kz онлайн-дүкен арқылы сатып алу мүмкіндігі туралы келісімге келіп отыр. Қазіргі күндері аймақ бойынша барлық көмір жеткізушілерді Kaspi.kz онлайн-дүкенде тіркеу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.  

Жалпы, көмір жеткізу бойынша «Қаражыра» АҚ мен облыстық әкімдік «барлық жағдайды жасап отырмыз, ендігі кезек ұлттық компанияда ғана» деген уәж айтуда. Ал, теміржолшылар үшін жоспардан ауытқымау міндеті тұр.  

 

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?