Маңғыстау теміржолына биыл 621 тонна көмір жеткізілді

Жүк тасымалы
01.11.2022, 10:36
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолында жылыту кезеңі қазан айында басталды. Десе де, теміржолшылар отын қорын қамдауға ерте кірісті. Бүгінге дейін 621 тонна қатты отын жеткізілген.

Сала мамандарының айтуынша, алда тағы да 207 тонна алынады. Сонымен биылғы науқанға жоспар 828 тоннаны құрамақ. Оған қоса қоймада өткен жылдан қалған 320 тонна қалдық көмір де бар. Демек, биылғы қыс сұранысын өтеуге жетеді деп болжап отыр. Маңғыстаудан бірнеше жолаушы пойызы қатынайды. Солардың ішінде «Маңғыстау-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызы көмірді көп қажет етеді. Үш күн жол жүретіндіктен бір рейске орта есеппен 3 тоннадай көмір кетеді екен. Қалған бағыттар бойынша 1 тоннадай көмір жағылады. Ауа райы суытып аяз болса, әрине барлық бағытта отын тұтыну мөлшері артары сөзсіз.  

– Бүгінде жолаушы пойыздары жып-жылы. «Батыс» жолаушылар тасымалының, «Сарыарқа» қалааралық тасымалының және «ОтпанЛогистик» жергілікті жекеменшік компанияның пойыздары қатынайды. Күнделікті осы компаниялар жасақтайтын Маңғыстау-Семей, Маңғыстау-Атырау-Ақтөбе, Маңғыстау-Бейнеу, Маңғыстау-Ақтөбе пойыздарына қажет көмір берілуде. Рейс алдында әр вагонға 100-150 келіден салынуда. Күн суыта бастаса, көтерілетін болады. Бір вагонға 400 келіге дейін көмір сыяды, – дейді «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінің бригадирі Асқар Жанатбаев.  

Жауапты маманның сөзінше, отын тасуға арналған екі трактор жүргізушісімен және көмірмен жабдықтаушы бес адам барлық жұмысты игеруде.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды