Көмір жеткізуде кедергі жоқ

Жүк тасымалы
08.11.2022, 10:22
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласының жылыту маусымына дайындығы түпкілікті шешілген. Көмірмен жылытылатын қазандықтар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Алты ауылдық округпен қоса есептегенде 80 мыңға жуық тұрғыны бар қаланы жылыту маусымына дайындауда теміржолшылардың еңбегі ерен.  

Әсіресе, Арыс станциясындағы көмір базасы мен ондағы жауапты мамандардың еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай. Станцияның бас инженері Мейірбек Мырзахметовтің айтуынша, мекемеге қарасты 4 көмір базасы арқылы қыркүйектің 1-не дейін 56 649 тонна қатты отын қаладағы әлеуметтік нысандарға таратылған. Ал жыл басынан бері Арысқа жеткізілген 821 вагон көмір дер кезінде түсірілген.  

«Бірінші кезекте станцияның көмір базасына жеткен вагонның тұрып қалмауын қамтамасыз етіп, яғни, вагонның дер кезінде босатылуын үйлестіреміз. Әріптестеріміздің әбжіл әрекет, шебер қимылының нәтижесінде вагон өңдеуде кешеуілдеуде кедергі де жоқ», – дейді бас инженер Мейірбек Әділбекұлы.  

«Арыс жылу» мекемесіне қарасты 8 қазандық (оның 2-і көмірмен, 6-ы дизель отынымен жылытылады), бюджеттік мекемелерге қарасты жалпы қазандықтар саны – 82 дана. Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, бүгінде Арыс қаласының тұрғындары қажет ететін 54 600 тонна көмір қала бойынша 3 нүктеден таратылуда.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады