2022 жылы теміржол көлігімен 106,8 млн тоннадан астам тас көмір тасымалданса, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 500 мың тоннаға көп. Экспортқа 32,5 млн тонна жөнелтілді (2021 жылмен салыстырғанда 2% жоғары), деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Республика бойынша 74,3 млн тонна көмір тасымалданса, бұл 2021 жылғы жоспардан 1,8 млн тоннаға артық. ЖЭО қоймаларына 64,3 млн тонна қатты отын тасымалдау қамтамасыз етіліп, 2021 жылға қарағанда 1,2 млн тоннаға ұлғайды.  Тұрғындар үшін 9,9 млн тонна жеткізілді. Жоспар 106% орындалды.  

ҚТЖ көмірді шығару бойынша міндеттемелерді жоспарлы режимде орындауда. Жүк жөнелтушілермен барлық туындаған мәселелер жұмыс тәртібімен жедел шешімін табуда.