Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады.
Жіберуді ұйымдастырушы – KTZ Express «Atasu Logistics» ЖШС-мен серіктестікте.
Жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі – апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемінің одан әрі ұлғаюымен шаттлдарды жөнелту жиілігі ұлғаяды.