«KTZ Express» АҚ мен «Славтранс-Сервис» АҚ арасында контейнерлік тасымалдарды дамыту және жүктердің қосымша көлемін тарту бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Қытай, Каспий бассейні мен ТМД елдері нарығында ауыл шаруашылығы жүктерін мультимодальды жеделдетіп тасымалдауды дамытуға; Солтүстік – Оңтүстік дәлізін нығайтуға ықпал ететін болады.
Сондай-ақ, келісім шеңберінде Қазақстан – Ресей (Мәскеу торабы), Қырғызстан – Ресей (Мәскеу торабы) бағыттары бойынша контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру жоспарлануда.