Сағыз станциясында жүк көлемі артқан

Жүк тасымалы
07.09.2023, 13:56
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол көптеген елді мекендерде жергілікті халықтың негізгі жұмыс көзі болуымен қатар, бірден-бір көліктік тасымал құралы да болып отыр. Атыраудың Қызылқоға ауданындағы Сағыз станциясы – соның бірі. Мақаттан – 140, Атырау қаласынан 300 шақырым жерде орналасқан станцияда жергілікті тұрғындар үшін теміржол – негізгі күнкөріс көзі.

Бүгінгі күнде Сағыз станциясының теміржол аймағында әр құрылымнан құралған 250-ден аса жұмысшылар еңбек етеді. Ауданға келетін жүктің 80 пайызы темір жол арқылы Сағыз бекетінен тасымалданады. Теміржолшыларға бұрын салалық басшылық тарапынан әлеуметтік көмек ретінде станция басындағы әртүрлі мекеме жұмысшыларына вагонмен көмір әкелініп, бөлініп берілетін. 2011 жылы ауданға көгілдір отын тартылып, газ желісі жүргізілгелі бұрынғыдай қара күйе боп көмір жағу тоқтатылып, тұрмыс көп жеңілдеп қалды.  

Станция бастығының орынбасары Серік Сұлтановтың айтуынша, тәулігіне орташа есеппен 30 жұп жүк пойызы өтіп, жүк айналым көлемі жылдан жылға артып келеді. Орташа тәуліктік 20-30 пойыз, 175 вагон қабылдануда. Мәселен, 2023 жылдың 8 айында Сағыз станциясы бойынша 6188 жүк пойызы қабылданып, оның құрамында 344 682 вагон болған, ол тәулігіне 1413 вагон. Сондай-ақ салмағы 1147 тонна болатын 27 вагон жүк тиелген. Жүк түсіру жоспары бойынша 3486 вагон түсірілген, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1423 вагон, себебі ол бағдарламаға сәйкес ауданда қазір автожолдар құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Соның ішінде Сағыз-Миялы-Индер тас жолы салынуда. Соған қажетті шебін, топырақ, басқа да құрылыс материалдары Сағыз станциясында түсіріліп, тасымалдануда.  

Станция арқылы 8 жұп жолаушылар пойызы да өтеді. Атап айтқанда Атырау – Астана, Атырау – Алматы, Атырау – Маңғыстау, Атырау – Ақтөбе, Маңғыстау – Алматы, Маңғыстау – Астана, Ақтөбе – Маңғыстау және Тальго пойызы жүреді. Орташа тәуліктік 833 вагон қабылданып, 8 айда 25674 жолаушы тасымалданған. Бұл ҚТЖ-ға қарасты кассалардағы сатылған билет саны, ал одан бөлек жеке кассаларды қосқанда жолаушы саны әлдеқайда артқаны білінеді. Сағыз елді мекенінде бүгінде 8 мыңдай халық тұрады.

Станцияда 8 негізгі жол, 4 тұйық бар. «Станция басында түнгі мезгілде де жарық жарқырап тұр. Барлығы 28 портал болса, оларда 300 ваттан бастап 60-қа дейінгі 155 жарықдиодты лампалар қондырылған. Жаяу жүргіншілер көпірі салынғаны да теміржолдың қос қапталындағы тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз болды. Көпірдің төбесі жабық, жаңбыр өтпейді. Станциядағы 8 жолдың бәріне жарық жеткілікті», – дейді Серік Сұлтанов.  

Орман шаруашылығы мамандары өз техникаларымен темір жолды жазда құмнан, қыста қардан қорғау жұмыстарын жүргізеді екен. Техникалық қажетттілік үшін Мұқар, Жантерек, Жамансор станцияларына 60 тонналық цистернамен су да жеткізіліп беріп отырады.  

Станцияда бүгінде 40-қа жуық адам жұмыс істейді, дені станция кезекшілері, пойыз құрастырушылар мен тауар кассирлері, құжат өңдеушілер, вагондарды тізімге алушы операторлар, жүк қабылдап-жөнелтушілер, т.т. қозғалыс саласының мамандары.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды