Қытай темір жол арқылы Еуропаға жөнелтілетін жүктердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырмақ

Жүк тасымалы
18.09.2023, 10:37
Оқуға 2 мин

Қытай билігі өз елінен Еуропаға теміржол көлігімен жөнелтілетін жүктердің тиімді әрі қауіпсіз жетуі үшін барын салмақ. Бұл туралы Қытай төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді.

Қытай өзге тараптармен бірлесе отырып Еуропаға темір жол арқылы жеткізілетін жүктердің тиімді әрі қауіпсіз жетуін дамыта түседі», – делінген Қытай басшысының Цзянсу провинциясында (елдің шығыс бөлігі) өтіп жатқан темір жол тасымалы саласындағы қытай-еуропалық халықаралық ынтымақтастық форумына қатысушыларға жолдаған хабарламасында.

Оның айтуынша, Бейжің бейбіт, ашық және инклюзивті ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және өзара тиімді әрекеттесуге ұмтылады.

Сондай-ақ Си Цзиньпин Қытайдан Еуропаға теміржол тасымалы «халықаралық жеткізу тізбегінің тұрақтылығын тиімді қамтамасыз ететінін» атап өтті.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Қытай мен Орталық Азияда өндірілген тауарлардың 80 пайыздан астамы Қазақстан арқылы тасымалданады. Осы жағдайды ескере отырып, Транскаспий халықаралық көлік жолы континенттік сауда картасында барған сайын маңызды рөл атқарады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр таяуда Қытайға барған сапарында еліміздегі желілер арқылы Еуропаға өткен жүк тасымалында оң динамика байқалатынын атап өткен.

«Өткен жылы тауарды жөнелту екі есеге артып, шамамен 1,7 миллион тоннаны құрады; осы жылдың бес айында тауар ағыны 64%-ға өсті. Биыл біз жол бойындағы жүк ағынын орта мерзімді перспективада 10 миллион тоннаға жеткізуге мүдделіміз. Өз кезегінде Қазақстан неміс және еуропалық серіктестердің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін порт нысандарын ұсынуға дайын», – деді Роман Скляр.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды