Көмір тасымалы: Шығыста вагондарды жеткізу кестесі әзірленді

Жүк тасымалы
19.09.2023, 09:40
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыста көмір тасымалы қарқын ала бастады. Аталмыш бағыттағы шаралар кешенді түрде жүргізілуде. Теміржолшылар үшін басты мақсат – вагон тапшылығының алдын ала отырып, қатты отынды межелі жерлерге кешіктірмей жеткізу. Сонымен қатар белгіленген жоспар аясында тасымал көлемін еселеп ұлғайту болып отыр.

Осыған орай Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының коммуналдық секторын көмірмен уақытында қамту мақсатында Семей ЖТ бөлімшесімен «Қаражыра» АҚ бірлесіп, қатты отынды мезгілінде жеткізу үшін вагондардың арнайы кестесін әзірледі. Қазіргі таңда аталмыш кестеден ауытқу болған жоқ. Жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күндері облыстың теміржол тұйықтарында жалпы көлемі 13,3 мың тоннаның көмірі бар. Дегенмен алдағы уақыттарда тасымал көлемін арттыру көзделген. Оның себебі облыс бойынша биылғы жылыту маусымында 1,245 млн тонна көмірге қажеттілік бар. Қатты отынды көп тұтынушы – облыс орталығы Семей қаласы. Бүгінде аталмыш шаһардағы төрт бірдей көмір тұйығында 9 мың тоннадан аса отын қоры бар. Қазір өңір теміржолшылары бірінші класты Дегелең станциясындағы көмір тиеу процесін жылыту маусымы кезінде тәулігіне 560 вагонға дейін жеткізуді көздеп отыр. Оған толық мүмкіндік бар екен.  

Бүгінде бөлімшенің 13 станциясында жүк операциялары жүргізіледі. Көмір түсіру жұмыстарына басымдық берілген. Әсіресе Семей, Аягөз, Шар станциялары бойынша қатты отын тасымалы кедергісіз жүргізілуде. Қазіргі таңда аталмыш елді мекендерге тәулігіне 30 вагон көмір жеткізілуде.  

Бөлімше ұжымы алға қойған басты мақсат – вагон тапшылығын болдырмау шаралары да өз нәтижесін беруде. Әсіресе Дегелең станциясы бойынша босаған вагондар тез жинап алынып, пойыз құрастырудағы уақыт та қысқарған.  

Осы ретте аталмыш станциядан орта есеппен алғанда көмір тиелген төрт пойыз тұрақты түрде жөнелтіледі. Жылжымалы құрамдар ауыр салмақты болғандықтан пойыз құрастыру ісі біршама күрделі. Алайда, 6 200 тонналық, 63 вагоннан тұратын пойыздарды Алматы бөлімшесіне қарасты ең шеткі Ақтоғай станциясына дейін кедергісіз жеткізуге мүмкіндік бар. Соның аясында жүк станциялары бойынша маневрлік жұмыстар жеделдетілген түрде жүзеге асырылуда.  

Бөлімшедегі барлық тораптық станцияларда да көмір тиелген жылжымалы құрамдар кедергісіз жүргізілуде. Бұл орайда логистика саласының мамандары бөлімше бойынша қатты отын тасымалын бүкіл қыс бойы штаттық режимде жүргізуді көздеп отыр. Сонымен қатар вагондарды жинап алу мен сұрыптау ісіне елеулі түрде басымдық берілетін Жаңа-Семей жүк станциясындағы жұмыстар да бөлімше басшылығының назарына іліккен. Ал көмір тұйықтарындағы қатты отынның жеткізілуі мен бағасы уәкілетті органдар тарапынан қадағалауға алынған.  

Түйіндей айтсақ, қазіргі уақытта көмірге деген сұраныс төмендемеген, бірақ жылдағы қарбалас жоқ. Яғни ұзын-сонар кезек те жоқ. Ал облыс көлеміндегі барлық теміржол тұйықтарында көмір белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды