Былтыр Болашақтан жіберілген жүк пойыздары 31-ге артқан

Жүк тасымалы
02.02.2024, 10:14
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ станциясы – Қазақстан теміржолы тарихында іске асырылған сәтті жобалардың бірі. Станция ашылғалы тасымалдау саласында жаңа бағыттар іске қосылып, жүк айналымы жақсарып келеді. Мәселен, былтыр станцияға Түркіменстан теміржолымен келетін импорттық жүктер көлемі жүз тоннаға артқан.

Яғни 2022 жылы Түркімен теміржолынан елімізге жеті жүзге жуық пойыз келіп, онымен 223 918 тонна жүк тасымалданған болса, былтыр көрші елден 303 872 тонна жүк жеткізілген. Ал кері бағытта, Қазақстаннан Болашақ арқылы Түркіменстанға 1 млн 906 360 тонна жүк жөнелтілген. Бұл 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда сәл аздау. Дегенмен станциядан өткізіліп, қызмет көрсетілген пойыздар мен вагондар саны көбейген. Өткен жылы Болашақтан жіберілген жүк пойыздары 31-ге артқан. 

Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбековтің сөзінше бұл аталған пойыздардың барлығына белгіленген стандарт бойынша қажетті қызмет көрсетіліп, уақытылы қозғалысы қамтамасыз етілген. Осы міндеттерді атқаруға бір кісідей жұмыла кірісіп жүрген станциялықтар еңбекте де, қоғамдық жұмыста да белсенді. Станция басшысы өткен жылы «Үздік басшы» атанса, қызметкерлерінен Серік Бөрібаев Маңғыстау бөлімшесі бойынша «Үздік қызметкер» номинациясымен марапатталды. Техникалық бөлім басшысы Жолдасбай Арыстанбаев пен тауар кассирі Ануар Жақсыбаев Астанада өткен III республикалық семинар-тренингінде Маңғыстау командасының құрамында қатысып, бірінші орын алды. Олар оған дейін Батыстағы іріктеуінен іркілмей өтіп, Астанаға жолдама жеңіп алған. 

– Станция ұжымы үшін өткен жыл табысты болды. Болашақтың берекесі жылдан-жылға артып келеді. Былтыр ғана он жылдығын атап өткен жас станциямыздың болашағы алда. Биылғы жылды да табысты өткізуге барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков. 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты