Жіңішке станциясында былтыр 52 143 вагон жүк түсірілді

Жүк тасымалы
22.02.2024, 12:24
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Бірінші класты Жіңішке станциясы Ақтөбе теміржол бөлімшесіне келген жүктердің басым бөлігіне қызмет көрсетеді. Ақтөбе ферроқорытпа және Ақтөбе хром қоспалары зауыттарының өнімін тасымалдау жұмыстарын ұйымдастырып отырған станция Ақтөбе рельс зауыты өнімдерін тасымалдайтын Қызғалдақ станциясы да қарайды.  

2023 жылы мұнда 52 143 вагон жүк түсірілген. Бұл Ақтөбе бөлімшесіне келген жүктің 60 пайызын құрайды. Тиелген жүк көлемі – 21 271 вагон. Оның 11332 вагоны шетелге жөнелтілген. Зауыттан шыққан химиялық өнімдер АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Қытай, Ресей елдеріне жіберіледі. Сондықтан станцияда экспорт көлемі жыл санап артып келеді.  

Ақтөбе – Жайсаң телімінде орналасқан Жіңішке станциясының бастығы Талғат Сағыновтың айтуынша, Ақтөбеге келетін жанармай, газ, дизельді отын секілді барлық жүк осы станция арқылы жеткізіледі. Ел аумағына құрылыс материалдарын тасымалдау, металл сынығы, қара металл, химикат тиеуге қатысты статикалық жүктеме жоспардан артығымен орындалып келеді. Мұнай өнімдері бойынша статикалық көрсеткіш те ойдағыдай. Экспорт сегментінде кен өнімдері басты орынға ие.  

Айта кетейік,  2014 жылдың желтоқсанында істе қосылған Еуроодақ талаптарына сәйкес келетін жаңа технологиялар мен стандарттар пайдаланылатын өнімдері ел аумағында ғана емес, көршілес елдер тарапынан да сұранысқа ие. Мұндағы 66 кірме жолдың бәрі де жұмыс істеп тұр. Зауыттардағы жүк тасымалы жеке вагондарға тиеледі.  

«Ақтөбе теміржол бөлімшесіне келген жүктердің басым бөлігі бізде түсіріледі.  Мәселен Ақтөбеге 1000 вагон келсе, соның 600-ін біз түсіреміз. Жаз мезгілінде бір айда орта есеппен 4500 вагон түсіріп, қабылдаймыз. 2000 вагон тиеп жөнелтеміз. Шамамен бір айдың ішінде 6500 мың вагонмен жұмыс істейміз. Кейде одан да көп болады», – деді Талғат Сағынов.  

Станция ұжымында жастар көп. Штатта 120 қызметкер болса, оның 70 пайызы жастар. Олар арнайы кураторға бекітіліп, бір ай бойы станция жұмысына үйретіліп,  сосын емтихан тапсырып, жұмысқа кіріседі. Станция қызметкерлері жүк тиеу-түсіру кезінде халықаралық талаптарды қатаң сақтайды.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды