Қытаймен қатынаста ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 2024 жылдың қаңтарында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады.  

Қытайға жүк экспорты өткен жылғы көрсеткіштен 43%-ға асып, 1 млн тоннаны құрады. Бұл ретте темір рудасының экспорты 19%-ке, астық - 37%-ке, қара металдар - 2 есе, түсті металдар - 2,2 есе өсті.  

Сондай-ақ контейнерлерде экспортқа жүктерді тасымалдау 2,2 есе өсті.