Көлік саласында барлық бағыт бойынша оң динамика байқалады

Жүк тасымалы
27.02.2024, 09:58
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көлік министрлігінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шара барысында көлік саласының өткен жылғы көрсеткіштері қорытындыланды.

Министр Марат Қарабаев ұсынған ақпаратқа сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша көлік саласындағы нақты көлем индексі 106,9% құрады. Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүктердің көлемі 21%-ға ұлғайып, 32,3 млн тоннаға жетті. Барлық бағыт бойынша оң динамика байқалады.

Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдау көлемі 3%-ға, яғни 297 млн тоннаға дейін артты. Экспорттық, импорттық және транзиттік бағыттар бойынша да  өсім байқалады. Республика ішіндегі бағыттар бойынша 164,1 млн тонна (-0,6%), экспорттық бағыттарда – 85,6 млн тонна (+9%), импорттық бағыттарда – 20,2 млн тонна (+10%), транзиттік бағыттарда – 27,4 млн тонна (+18%) жүк тасымалданған.

Жылжымалы құрамды жаңарту бойынша: өткен жылы 113 локомотив, 275 жүк вагоны және 118 жолаушылар вагоны сатып алынған. Сонымен қатар 1 443 км магистральдық желіде жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Су көлігі саласында өткен жылы теңіз порттары арқылы тасымалдау көлемі 7,2 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 11%-ға артық. Жүктердің құрылымында Еуропалық елдер бағытында қазақстандық компаниялардың экспорттық тасымалдары басым.

Теңіз порттарында терминалдық қуаттар қарқынмен дамып келеді. Мәселен, Құрық портында жеке инвестициялардың қатысуымен өткен жылы қуаттылығы 1 млн тонна жаңа астық терминалы салынды. Жобалар Abu Dhabi Ports компаниясымен кооперацияда жүзеге асырылды.

Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету мақсатында Ақтау және Құрық порттары «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының құрамына енгізілді.

Сондай-ақ сингапурлық PSA International компаниясымен бірлесіп Транскаспий халықаралық көлік маршрутының қазақстандық учаскесін пилоттық цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзербайжан мен Грузияның көлік жүйелерімен Интеграция 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады.

Бүгінгі таңда көзделген басты міндет Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту шеңберінде Қазақстанды халықаралық транзиттік елге айналдыру болып табылады. Өткен жылмен салыстырғанда осы дәліз бойынша тасымалдау көлемі 65%-ға өсіп, 2,8 млн тоннаны құраған (2022 ж. – 1,7 млн тонна). Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша қазақстандық өнімнің экспорты 2,5 есеге артты. Экспортпен қатар импорттық жүк ағынының да өсуі байқалады. Бұл өз кезегінде еуропалық компаниялардың аталған халықаралық маршрутқа деген қызығушылығын көрсетеді. Жалпы көрші мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және компанияларымен ТХКМ-на экспортты тарту бойынша, оның ішінде осы тасымалдарға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды