ТХКБ – Ұлы Жібек жолының заманауи үлгісі

Жүк тасымалы
30.05.2024, 18:57
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкентте Транскаспий халықаралық көлік бағытын (бұдан әрі – ТХКБ) дамыту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Қазақстан,  Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Қытай мен Еуропа арасында контейнерлік тасымал қызметін жандандыруды көздейтін алқалы жиынға жиырмаға жуық ТХКБ қауымдастығы өкілдері қатысты.

ТХКБ аясында құрылған жұмыс тобының жетекшісі И.Гусейнов жетекшілік еткен жиынның күн тәртібінде алты мәселе қаралып, жан-жақты талқыланды. Өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Е.Қойшыбаев сөз сөйлеп, ТХКБ жобасын дамытуға мүдделілік танытқан тараптарға алғыс білдірді.

– Бүгінгі басқосуға біздің қауымдастықтың 8 тұрақты мүшесінің 7-уі қатысып отыр. Сондай-ақ, қауымдастыққа мүше 25 компанияның 20-ның өкілдері осында. Біз ТХКБ жобасы арқылы ертедегі Ұлы Жібек жолын заманауи «теміржол керуені» арқылы қайта жаңғыртуды көздейміз, – деді ол.

Күн тәртібіне шығарылған алғашқы мәселе бойынша арнайы баяндама жасаған қауымдастықтың бас хатшысы Гайдар Әбдікерімов ТХКБ бағытында орындалған жұмыстың жыл басынан бергі 4 айын қорытындылады. Ол өз сөзінде Қытайдан ТХКБ бағытымен жөнетілетін контейнерлік пойыздар саны  2024 жылдың алғашқы 4 айында 2023 жылдың 4 айымен салыстырғанда 9 есеге өскенін атап өтті.

Үшінші мәселе төңірегінде сөз алған «KTZ Express» АҚ логистика жөніндегі бас директор орынбасары Айбек Қапар жыл басынан бүгінге дейін шығыстан батысқа қарай 70-тен астам контейнерлік пойыз жөнетілгенін айтты. Нақтылай түссек, қаңтар айында – 10, ақпан мен наурыз айында – 9, сәуір айында – 16 және мамыр айының 30-на дейін 28 пойыз межелі жерге жеткен. Оның сыртында бүгін-ертең тағы 4 контейнерлік пойыз жолға шығуға дайын тұр.

– ТХКБ жобасының тиімділігін арттыру тариф пен сервистік қызметке және тез тасымалдауға тікелей байланысты. Бұл ретте әзірбайжандық әріптестермен қатар, түркиялық серіктестермен де кеңесе отырып, жұмысты ширата түсуіміз қажет, – деді ол.

Байқасаңыздар контейнерлік тасымал динамикасы уақыт өткен сайын жоғарылап келеді. Сала мамандары маусым айындағы көрсеткіш 40 пойыздан да асып түсуі мүмкін деп болжайды. Осы орайда, контейнерлік пойыздарды кедендік рәсімдеу мен сервистік қызметтің сапасын көтеру арқылы кедергісіз тасымалды үйлестіріп, жылдам жеткізуге басымдық бергеніміз жөн дейді.

Жалпы, басқосуда айтылған ұсыныс, пікірлердің барлығы да қауымдастықтың атқарушы органына келесі отырысқа дейін берілетін болды.  Сонымен қатар, бүгінгі жиын қорытындысына орай арнайы хаттама толтырылды және оған жауапты өкілдер тарапынан қол қойылды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады