Биылғы бірінші жартыжылдықта теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі ұлғайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алты айда шикізаттық емес жүктер экспортының көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7% - ға артық.  

Атап айтқанда, химиялық және минералды тыңайтқыштар 11% - ға, түсті металдар 9% - ға, қара металдар 15% - ға және басқалар 11% - ға (бидай ұны, тұз, өсімдік майы және т.б) артты.

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасы бағытында жалпы экспорт белсенді түрде артып келеді. Мәселен, биылғы жарты жылдың ішінде өсім 19%-ды  немесе 6,8 млн.тоннаны құрады.  

Айта кету керек, мемлекеттік органдар деңгейінде арнайы штабтар құрылып, жұмыс істейді.

Штабтардың отырысы апта сайын өткізіледі. Онда барлық мәселелер жедел қаралып, шешімін табады.