Қостанай өңірінде жаңа егіннің астығын үздіксіз тасымалдау үшін барлық шаралар қабылданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша астықты үздіксіз тасымалдау үшін қосымша маневрлік локомотивтер тартылды және станция қызметкерлерінің: құрастыру бригадалары, тауар кассирлері және жүк пен багажды қабылдап-тапсырушылар штаты ұлғайтылды.
Қазан айында өңірде 93 мың тоннадан астам астық немесе 1 358 вагон тиелді. 56,4 мың тоннадан астам Қостанай астығы экспортқа жіберілді. 6 астық бағыты құрылды.