ҚТЖ-да  Ауғанстанға астық өнімдерін тасымалдау мәселесі бойынша жүк жөнелтушілермен, Бейнеу элеваторымен келіссөздер жүргізілді. Кездесуге "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Қатысушылар Серхетабат (Түрікменстан) – Торгунди (Ауғанстан) шекара өткелдері арқылы Ауғанстанға астық тасымалдау мүмкіндіктерін талқылады. Ауғанстан шамамен 200 мың тонна астық өнімдерін қабылдауға дайын. Сондай-ақ Түркіменстан Көлік министрі орынбасарымен Түркіменстан аумағы бойынша тиелген және бос вагондардың жүру жылдамдығын арттыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.  

Ағымдағы жылдың қазан айында Орталық Азияға астық тасымалдау 43%,  615 мың тоннаға дейін өсті.